Табиғат – бәрiмiздiң ортақ үйiмiз. Қазiргi кезде табиғат бiзден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың, қаламыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшiн жердi дұрыс пайдаланып, жасыл желек өсiмдiктердi молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйiнде болашақ ұрпаққа табыс ету – бiздiң парызымыз.Елiмiздiң экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгiнгi күннiң қажеттiлiгiнен туындамайды, ол ертеңгi күннiң проблемаларына да жауап бередi. Қоршаған ортаның қазiргiдей ауыр жағдайында елiмiздiң келешек иелерiнiң экологиялық сауатын көтеру – бүгiнгi күннiң кезек күттiрмейтiн мәселелерiнiң бiрi.Қазақстанның басты байлығы ол денi сау – бала. Экологиясы бұзылып ауасы ластанған елде денi сау бала дүниеге келе ме? Денi сау баласыз, бiздiң болашағымыз қалай болмақ? Қайың болып өмiр сүргiсi келген ақынның қазiргi ауылындағы қайыңдар аллеясы яғни “Мұқағали саябағы” бой көтерген. Онда қайыңдар көшетi отырғызылып болашақта мәуелi ағаш болып жайқалып, саясында келер ұрпақ таза ауамен тыныстап дем алуға болады. Жас қайыңдарды да ауыл жұрты өздерi отырғызды. Ақынның өзi жоқ болса да ұрпағына қалдырған қазынасы, оны бiз ақынның көзiндей көрiп сақтаймыз.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туғанқала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туғанкөшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.