19. Мақалдың қатесін түзеп жаз. білімді жастан ақыл шығар, Ақылды қарттан нақыл шығар • Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда. • Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп (дем беріп), істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясының біраз үлгілері осы тарауда ұсынылып отыр. Соларды оқып-үйрену барысында халқымыздың атадан мирас болып қалған сөз маржандарына қанығасыңдар, халқымыздың басынан кешірген тарихи кезеңдермен таныс боласыңдар, оның қадір-қасиетін білесіңдер, тәлімдік, танымдық, тағылымдық терең ой дүниесіне енесіңдер. Әдебиет тарихы ел тарихы, халық тарихы екеніне көз жеткізесіңдер. Жыраулар поэзиясының маңызы мен тақырыбы.Жыраулар поэзиясының құндылығы неде? "Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің, –дейді М.Әуезов, –ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғашқы рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария –Асан. Бұл заман сыншысы сөйлесе, шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді, өзі туған заманның белгілерін қарап, келешек заман не айтарын болжайды: сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйленеді. Айтпақ жайларын ашып, ұғымды қылып айтып бермейді. Әдейі көмескілеу жұмбақ қып айтады. Жыраудың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да көптің мұңы, көптің жайы туралы, не көпке арналып ақыл, өсиет есебінде айтылады". Ғалымның осы ғұламалық пікірінде жыраулар поэзиясының идеялық-көркемдік мәні терең ашылған. Халқымыздыңосы зергерлік сөз тұнығына әрі ақын, әрі ғұлама Шәкәрім де ден қойған. Ол "Ескі ақындық" деген өлеңінде халық мұрасын, ауыз әдебиетін, жыраулар поэзиясын аса жоғары бағалаған: Олардың жырында "қыран құстың ұшқаны", "ақбөкеннің жүрісі", "жайдақ желдің желісі", "мөлдір қудың аққаны", "жел жетпейтін құландар жүйріктігі", "адам жанының жайма шуақ кезеңі" –бар-баршасы, көшпелі қазақ өмірінің бүкіл әлеуметтік, рухани тіршілігі бейнеленген деп керемет ой түйген. Жыраулар поэзиясын айтулы сөз зергері Мағжан Жұмабаев та "Батыр Баян" поэмасында.Демек, жыраулар поэзиясы –халқымыздың неше ғасырлық өмірін өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген, өшпес, өлмес мұрамыз.Жыраулар поэзиясы халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарынжырлаумен ғана бағалы емес, елдің саяси-әлеуметтік тіршілігін, ойсанасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Жыраулар поэзиясы соны философиялық терең ойға толы. Олардың поэзиясы өсиетнама түрінде келеді. Сондықтан да жыраулар поэзиясында нақыл, афористік сөз оралымдары мол.Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаган әйгілі халық батырларының ерліктерін жырлаған. Мысалы, Тәтіқара ақын: Жыраулар өмір жайлы, достық жайлы, адамгершілік, ерлік жайлы, тіршілік жайлы жыр шерткен. Олар өмір диалектикасына да терең көз жіберген, дүниенің бірқалыпта тұрмайтынын ("мынау жалған дүние кімдерден кейін қалмаған"– Шалкиіз), үнемі өзгерісте болатынын дұрыс пайымдаған. Жыраулар поэзиясында адамгершілік этика, мораль мәселелері кең орын алған. Оларда бүгінгі жастар ғибрат, тағлым алар дүниелер молшылық. Жыраулар поэзиясы өзінің әлеуметтік, адамгершілік сарынымен ғана емес, көркемдік сапасымен де құнды. Жыраулар поэзиясында синтаксистік параллелизмге, дыбыс үндесулеріне, ішкі ұйқасқа құрылған өрнектер де аз емес. Арнау түріндегі сөз қолданыстар да баршылық. Жыраулар өз поэзиясында терең философиялық ойды бейнелеу үшін өлеңдерінің ұйқас, ырғақтарын сол мақсатқа орай алған. Оған бірнеше мысал келтірейік:Жырау "ж" дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды да шебер қолдана отырып, жыраулар өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Шын көркемдік тәсіл арқылы олар оқушысын шығарманың ішкі иірімдеріне ендірумен қатар, эмоциялық әсерін үстей түскен. есірген Есім ханның қылығын ашу үшін "е" дыбысынан өрнек жасап сөйлеткен. Ақтамберді жырау сұрай арнау сияқты көркемдік тәсілді ұтымды пайдаланған. Оның "Күмбір-күмбір кісінетіп" толғауынан, табиғат пен адам тағдырын жарыстыра, салыстыра бейнелей отырып, өлеңнің мән-мазмұнын терендеткен, әсерлі еткен. Мұнан жыраулар поэзиясының көркемдік сапасын айқын аңғаруға болады. Әдебиетімізді жаңа тарихи кезеңде, ел басына қиын қатер төнген шақта, екіталай кезеңде – XVIII ғ. бірінші жартысында жаңа, соны ой-толғанысымен, көркемдік сөз өрнегімен әрі қарай дамытқан Бұқар жырау. Оның жыр-толғаулары – сол тарихи дәуірдің көркемдік көрінісі.
Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған есімі -Мұхаммед Қанапия. Бала күнінде анасы Шоқан деп еркелеткен. Қазақтың біртуар ғалымы 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде, қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Күнтимес ордасында өмір есігін ашқан. Балалық шағын Құсмұрында, Сырымбеттке өткізген. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін ересек жастағы адамдар сияқыт тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғанымның ықпалы ерекше болды. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаным ханыммен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.
Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдындағы қатарлы орыс зиялылары өкілдерімен тығыз байланыста болуы да үлкен әсер етеді. Академика А.И.Шренк, С.М.Семенов, А.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің студенті С.Сотников, сонымен қатар Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай рет болып қайтқан. Шоқан он екі жасқа толғанда әкесімен Омбы жеріне келген. Әкесі өзінің орыс достарының көмегімен Шоқанды сол уақыттағы ең жақсы оқу орны Сібір кадет корпусына оқуға берген. Шоқан Пушкин мен Лермонтов өлеңдерінен үлкен әсер алып, жатқа біліп өскен. Ол Батыс Еуропа жазушыларының шығармашылығымен де таныс болған. Он сегіз жасында кадет корпусын бітіріп, корнет офицерлік атағын алады.
Шоқан Уәлихановтың Алатау Қырғыздарына сапары әйгілі Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. Қырғыздардың "Манас" атты тамаша шығармасына көңіл аударды. Өзін әйгілі еткен Қашқар сапарына 1858-1859 жылдары барған. Маарко Поло мен жиһанкез Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған шетелдік - Шоқан еді.
Шоқан Уәлихановтың достарының қатарында аса көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевский де болды. Тұңғыш рет Омбыда танысқан. Мұнан кейін Семейде жалғасқан достықтары ғалім өміріндегі үлкен оқиғалардың бірі болды. Екеуінің достығы Петербургте де жалғасын тапты. 1861 жылдан кейін дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаағн досының көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады. 1861 жылдың көктем мезгілінде ғалым детті болып, елге қайтады. Онда ағайын-туысымен келісе алмай, қайтадан Омбыға қайтып келеді. Мұнда қазақтың сот реформасына байланысты кейбір мәселелерді шешуге атсалысты. Ал 1864 жылы генерал М.Г.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алуда әскери қимылдарға қатысты. Алайда генералдың әділетсіздігіне мейлінше налыған Шоқан 1864 жылдың маусым айында басқа да М.Г.Черняевқка наразы офицерлермен бірге Верныйға қайтып оралады.
1865 жылы "Русский инвалид" газетіне ғалымның Қытайдағы дүнгендер көтеріліс туралы соңғы мақаласы жарияланған. 1865 жылы сәуір айында Шоқан Уәлиханов Алтын Емел жотасының етегінде Көшен тоғаны деген жерде албан руының аға сұлтаны Тезектің аулында қайтыс болады.