8-тапсырма.диалогті сұрақтармен толықтырыңдар. диалогті әрі қарай жалғастырыңдар. — — асқар жұмаді тика ғылымдарының докторы, профессор, қазақстанның ұлттық ғылым академиясының академигі — — жұмаділдаев асқар серқұлұлы 1956 жылы 25 ақпанда қызылорда облысы, шиелі ауданы, шиелі кентінде дүниеге келген. — — алматыда дарынды ға арналған ар- найы - мектебін бітірді. — — мәскеудегі м.в.ломоносов атындағы университеттің механика- факуль- тетіне оқуға түседі. — —отыз екі жасында. — — асқар жұмаділдаев 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. — — ол 1995 жылдан бастап он жылдай еуропада қызмет істеді.
Диалогты толықтыру.
— Асқар Жұмаділдаев кім?
— Асқар Жұмаділдаев—физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
— Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?
— Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген.
— Асқар Жұмаділдаев қай жерде білім алған?
— Алматыда дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірді.
— Мектеп бітірген соң қайда оқуға түсті?
— Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі.
— Неше жасында физика-математика ғылымдарының докторы атанды?
— Отыз екі жасында.
— Қанша ғылыми мақала жазған?
— Асқар Жұмаділдаев 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
— Қай уақыттан бастап Еуропада қызмет істеді?
— Ол 1995 жылдан бастап он жылдай Еуропада қызмет істеді.