2 Қазақ отбасындағы дәстүрлер тыйым сөздермен де байланысты. Тыйым сөздер — үлкен маңызға ие тәрбие құралы. Сондықтан қазақ халқында үлкендер жас балаларды тыйым сөздер арқылы да жамандықтан алыс, жақсылыққа жақын болуға үйреткен. Қазақ халқында табалдырық — қасиетті ұғым. Ол үйдің сырты мен ішінің шегарасы, байлық пен кедейліктің де шегарасы. Табалдырық — бақыт пен жақсылықтың қарауылы. «Табалдырықты баспа, бақыт қашады», «Табалдырықта тұрма, үйге келетін жақсылықты қайтарма», «Табалдырықта тұрып, кедейлікті шақырма, жаман ырым бастама» деген тыйым сөздер жай айтылмаған. Табалдырық – бақыттың белгісі. Табалдырығыңнан құтсыз адам аттаса, кедей боласың, құтты адам аттаса, бай боласың. Сондықтан жас келін алғаш табалдырықтан кіргенде, жақсы ырым жасалады. Оған шашу шашып, құт шақырып, оң аяғымен: «Бісмілла!» — деп кіргізеді. нужно задать 5вопросов если не сложно
Табалдырыққа қатысты қандай тыйымдар бар?
Қазақ халқында табалдырық не үшін қасиетті?
Жас келін табалдырықтан аттағанда не істейді?
Балаларды тыйым сөзге кім үйретеді?
Табалдырықты не үшін басуға болмайды?