2. Мақал-мәтелдердегі ырықсыз етіс тұлғаларын тауып, іс-әрекеттің кімнің тарапынан орындалатынын анықтаңдар.
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
Қарт келсе, ақылдың қосылғаны,
Жас келсе, батырдың қосылғаны.
Ауылдың жақсы екені жолынан білінер.
Ақылмен алтын табылар,
Алтынмен ақыл табылмас.
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от.
Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.
Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды.
Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ".
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.