2. Оқылым мәтінінен қиысуға 7-8 мысал келтіріңдер. Бағыныңқы және басыңқы сыңарларын грамматикалық тұлғасына қарай тал- даңдар. Ғарышкерлер тамағын әзірлеумен диетолог және инже- нер ғалымдар айналысады. Ғарышкерлер тамағы барынша жеңіл, пайдалы болуы, жақсы сақталуы тиіс. Ғарышкер- лердің рационы 50 жыл ішінде көп өзгеріске ұшырады. Адамдардың пайдалы тамақ туралы көзқарасының өзгеруі, ғылыми технологияның дамуы бәрі ғарыш тағамы үрдісі- нің ауысуына септігін тигізді. Мысалы, 60-жылдары синте- тикалық тағамдар пайдалы саналатын. Ал соңғы онжылдық- тағы басты тренд — табиғи азық-түлік, көгөніс пен жемістер. Сонымен бірге ғарышкерлер тағамдары барынша аз орын ала- тын әрі жеңіл болуы тиіс. Инженер ғалымдар жылдан жылға осы мәселені шешуге тырысуда. (massaget.kz)
Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Қазақстаным айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.
Ең көне хан-ағаш
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында,Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.
Қасиетті қарағаш
Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғанабар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулартүрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.
«Жетісулық недзвекция»
Бигнониевтік тұқымдастар тегіне жататын дара өкіл, аса сирек кездесетін ежелгі аласа бұта - «жетісулық недзвекция» өсетін әлемдегі жалғыз мекен – Шу-Іле шөлді таулары (Айтау). Бұтаның әдемі гүлдері оған әшекейлі түр береді. Бұта ғылымға 1909 жылы белгілі болды және өлкетанушы В.Е.Недзвецкий құрметіне осы атау берілді.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Еліміздегі ең ерекше ағаштар
Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, оны қастерлеу баршамыздың парызымыз. Осы орайда Қазақстаным айдары еліміздегі ең ерекше деп танылған ағаштар туралы баяндайды.
Ең көне хан-ағаш
Қазақстандағы ең көне хан-ағаш – алып қарағаш. Ол Іле өзенінің «Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябақ аумағында,Үлкен Қалқан тауының шығыс жағында өседі. Жасы 700 жылдан асқан. Бұл қарағаш Шыңғысхан шапқыншылығының куәгері деседі. Жергілікті халық ағашты күні бүгінге дейін қасиет тұтады.
Қасиетті қарағаш
Жуандығына алты адамның құшағы әрең жететiн 700 жастағы ерекше ағаш Жаркент қаласынан 30 шақырымдағы Әулие-ағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнiң үш елiнде ғанабар. Олардың бiрi – Қытайда, бiрi – Меккеде болса, үшiншiсi – бiздiң жерге тамыр жайған екен. Киелi ағаштың қасында бiр тамырдан нәр алып тұрған жетi жас ағаш бар. Жұрт оларды жетi ағайынды деп атап кеткен. Және «Бозбала мен бойжеткен» аталған қос шынар да осы киелi ағаштың ұрпағы саналады. «Бозбала мен бойжеткеннiң» арасынан өткен әйелдер сәби сүю бақытына ие болады, ал Әулиеағаштың көз жасындай болып тамшылап тұрған көптеген сулартүрлі ауруларға ем деседі. Аталған ағашты тамашалау мақсатымен Америка, Австралия, Германия және басқа да шетелдерден туристер жиi келiп тұрады.
«Жетісулық недзвекция»
Бигнониевтік тұқымдастар тегіне жататын дара өкіл, аса сирек кездесетін ежелгі аласа бұта - «жетісулық недзвекция» өсетін әлемдегі жалғыз мекен – Шу-Іле шөлді таулары (Айтау). Бұтаның әдемі гүлдері оған әшекейлі түр береді. Бұта ғылымға 1909 жылы белгілі болды және өлкетанушы В.Е.Недзвецкий құрметіне осы атау берілді.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.