В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Zero00000
Zero00000
14.06.2020 00:55 •  Қазақ тiлi

.2.подготовьте рассказ об истории создания одного из кюев курмангазы ; кішкентай, сарыарка адай, қаран шешем​

Показать ответ
Ответ:
taniysha35
taniysha35
25.02.2021 17:26
                             КішкентайБірде, алты жастағы кезімде, жабайы орман туралы «Бастан кешкен оқиғалар» деп аталатын кітаптан ғажайып бір сурет көрдім. Суретте айдаһар жылан арыстанды бүтіндей жұтып жатты. Сол суреттің көшірмесі мынадай:Кітапта былай деп жазылған: «Айдаһар жыландар жемтігін шайнамай бүтіндей жұтады. Содан кейін олар алты ай бойы қозғалмастан, тамағын қорытады екен».Сол сәтте менің джунгли оқиғалары жайлы ойларым сан саққа жүгірді. Мен қолыма түрлі түсті қарындаш алып, тұңғыш суретімді сала бастадым. Менің нөмірі бірінші суретімнің пішіні былай еді.Мен бұл өнер туындысын ересек кісілерге көрсеттім де, олардан суретім қорқыныш тудырады ма деп сұрадым.Олар: «Қалпақ та қорқынышты болады ма екен?» — десті.Ал менің салғаным қалпақ емес еді. Ол пілді қорқытып жатқан айдаһар жыланның суреті болатын. Бұдан соң үлкендерге түсінікті болуы үшін айдаһардың ішкі бөлігін бейнеледім. Үлкендерге үнемі түсіндіріп отыру керек. Менің нөмірі екінші суретім былай болып шықты:Үлкендер маған айдаһар жыланды, іштей немесе сырттай бейнелегенімді қойып, одан да географияға, тарихқа, есеп-қисапқа және жазу ережесіне көбірек көңіл қоюыма кеңес берді. Осылайша мен атақты суретші болу арманымнан алты жасымда-ақ бас тарттым. Нөмірі бірніші және нөмірі екінші суретімнің сәтсіз шығуы менің меселімді қайтарып тастады. Үлкендер ештеңені ешқашан өз беттерімен түсінбейді. Ал әр нәрсені үнемі ежіктеп түсіндіре берген балаларды мезі етіп жібереді. Сондықтан да мен басқа мамандықты таңдауға мәжбүр болдым. Ақыры ұшқыш болып шықтым. Жалпақ әлемді түгелге жуық араладым. Шынына келсек, географияны білгенім маған көп көмегін тигізді. Мен бір көргеннен-ақ Қытайды Аризонадан ажырата алатынмын. Бұл — түнде адасып кеткен жағдайда өте пайдалы нәрсе.Мен өмірімде көптеген ұлағатты адамдарды кездестірдім. Көп уақыт бойы үлкендердің ортасында болдым. Олармен қоян-қолтық араластым. Дегенмен, оларға деген көзқарасым жақсармады. Басқаларға қарағанда парасаттылау ғой деген адамды кездестіре қалсам, өзіммен үнемі бірге алып жүретін нөмірі бірінші суретімді көрсетіп, оны сынақтан өткізетінмін. Шынымен түсінгі бар адам екенін білгім келетін. Өкінішке орай, олардың қай-қайсысы болсын маған: «Бұл қалпақ қой», — деп жауап қайыратын. Сондықтан мен оған айдаһар жылан жайлы да немесе жабайы ормандар мен жұлдыздар туралы да сөз қозғамайтынмын. Олардың ұғымына түсінікті болатын бридж бен гольф ойындары жөнінде, саясат пен галстук туралы әңгімелесетінмін. Сонда барып, ересек кісі жөн-жосықты білетін адаммен танысқанына риза болып қалатын.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота