В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Rhhufyko
Rhhufyko
27.10.2021 06:18 •  Қазақ тiлi

Робот Робот – антро адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина. Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар алдамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылады. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсірілуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.

Өнеркәсіптік роботтар - өндіріс үдерісінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру және т.б) және технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші машиналардың, тасымалдау және көмекші жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды. Робот-техникалық кешеннің, әдетте, компьютер немесе микроконтролер негізіндегі бағдарламалық басқару жүйесі болады.

Робот-техникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы жағдайында өте маңызды.

1.1Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.

Тұжырымды сөйлемдер Ш/Ж

Өнеркәсіптік роботтар технологиялық құралдардың қызметтерін орындайтын автоматтық машина.

Өнеркәсіптік роботтар адамдарды ауыр жұмыстардан босата алмайды.

[1]

1.2 Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.

жұмыс - [1]

1. 3 Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.

жеңіл - [1]

1. 4 Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).

Робот-техникалық кешен «адамсыз технологияны» енгізудің негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып табылады.

«Адамсыз технологияны» [1]

1.5. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.

Өнеркәсіптік роботтардың адам үшін пайдасы неде

Показать ответ
Ответ:
110206ma
110206ma
22.10.2020 06:42

жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;

2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
SamForDevil
SamForDevil
28.12.2021 06:22

ответ Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Ертеде кағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота