2-тапсырма. Берілген сөздерге ҮНДЕСТІК ЗАҢЫНА БАҒЫНБАЙТЫН қосымша жалғап жазыңдар. Мағынасын түсіндіріп, мысал
келтіріңдер.
Мұғалім, сауда, маза, шай, бала, сауат,
талғам, қонақ, мас, Тоғжан, Баймахан,
жауын, талап, ғарыш, әсем, жұмыс,
Бектас, намаз, ерке, мұра, қайрат, мей-
рам, күрес, білім, зиян.
Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.