2-тапсырма. Берілген жағдаяттарға байланысты өз пікірлеріңді дәлелді жеткізіңдер. 1-жағдаят. Дастанда Кебек Нысан абызға бал аштырады. Өз тағдырының немен аяқталатынын біле тұра, Еңліктен бас тартпайды.
Сұрақ: Бұл Кебектің өз тағдырына немқұрайлы қарағандығы ма немесе ғашықтық сезімнің күштілігі ме, әлде өзіне деген сенімі зор болғанынан ба?
2-жағдаят. Еңлік бірінші рет көріп отырған жігітке өз тағдырын сеніп тапсырады.
Сұрақ: Бұл «Қызға қырық үйден тыйым» деген ата дәстүрімізге қайшы емес пе, әлде Еңліктің лажсыздығынан туындаған шешім бе?
3-жағдаят. Бірін-бірі қалтқысыз құлай сүйген Еңлік пен Кебек тәуекелге бел буып, қашып кетті. Кебек беделді рудан болғандықтан, өз туыстарына сенді.
Сұрақ: Қазақта «қыз алып қашу», «даулы жағдайда бітімге келу» деген бұрыннан бар. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешуде неліктен екі жақтың ру басылары аяусыз қаталдық танытты?
Полисемия (гр. Poly - көп + sema - таңба)[1] - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады