2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Жер: Көтер басыңды, Толғанай, өзіңді-өзің ұстай біл!
Толғанай: Жарайды, жарайды, қайтейін, қолымнан келер істен мен танбаймын. Сол бір күн есінде
ме, Жер-Ана?
Жер: Есімде болғанда қандай... Мен еш нәрсені ұмытпаймын ғой, Толғанай! «Тарихтың бәрі тек
кітап ішіне сыйып, халық жадында ғана қалады» деу – қате. Бар әлем тарихы мына менің қойнымда.
Сенің бар өмір шежірең де, Толғанай. Мен де, менің жүрегім де, кұлағым да сенде, Толғанай! Бүгін
сенің бауырларыңды еске алатын күнің еді ғой.
Толғанай: Ертеңіне күн шықпай тұрып біз жұмысқа кірісіп кеттік. Жашай қаз-қатар түскен
орақшылар енді ғана бір-екі десте сала бергенде, алыстан құйындата шауып келе жатқан біреу
көрінді. Төменгі жақтағы көпірден өтумен жүмысы жоқ, өзеннің жартасты шаша жарына салып
келеді...
Ш.Айтматов
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Толғанай кім?
2. Жерді не үшін анаға теңейді?
I
3. Жер-Ананың «Бар әлем тарихы менің қойнымда» деуінің мәнісі неде?
ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:
- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.
Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.
Менің отбасым туралы диалог.
- Алмагүл, осы сенің отбасың үлкен бе?
- Ия, Сәуле. Менің отбасым үлкен. Біздің үйде жеті адам тұрамыз: атам мен әжем, ата - анам, ағам, қарындасым және мен.
- Қандай тамаша!
- Ия, менің ойымша, үйде әсіресе үлкен адамның болғаны жақсы. Қазақ халқында бұл жайында керемет сөздер бар ғой: «Үлкені бар үйдің қазынасы бар деген».
- Дұрыс айтасың, мен де бұл оймен толықтай келісемін.
- Атам мен әжем бізге үнемі өсиеттері мен ақылдарын айтып, бізді дұрыс жолға салып, мейірімді, бауырмал болуға тәрбиелеп отырады.
- Не деген керемет көрініс! Мұндай үлкен отбасында өзіндік ережелері мен салт - дәстүрлері де бар шығар?
- Ия, әрине, бар. Мысалға, ережелерге келер болсақ, біз әрдайым бір - бірімізге кез келген шаруада көмектесеміз, үлкендердің айтқанын екі етпей орындаймыз. Ал отбасылық дәстүрлеріміз өте көп. Соның ішінде маған ең ұнайтыны - ол демалыс күнгі отбасылық ас: анам міндетті түрде ұдттық тағам бесбармақ пісіреді, ал әжем болса, дәмді бауырсақтарын әзірлейді. Ал біз бауырларымызбен қосылып үй жинастырып, келер аптаның сабағын оқимыз. Осы демалыста сен біздің үйге қонаққа кел, мен сені өз отбасыммен таныстырайын.
Шақыруыңа көп рахмет, міндетті түрде келемін.