В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Никитосик3456
Никитосик3456
28.12.2021 08:59 •  Қазақ тiлi

21 бет 4тапсырма мэтінді оқып,аударыңыз Мәтіннен түсінгеніңіз бойынша досвңвзбен диалогпен сөйлесіңіз ​


21 бет 4тапсырма мэтінді оқып,аударыңыз Мәтіннен түсінгеніңіз бойынша досвңвзбен диалогпен сөйлесіңі

Показать ответ
Ответ:
aidarisiev80
aidarisiev80
15.10.2022 10:56

а) Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.

б) Пайдасы :

Көптеген өсімдіктер желдің әсерімен тозаңдатылады. Бұл ауа ағындары, шаңның ең кішкентай дақтарын еркек гүлден, әйел гүлге тасымалдайды. Осылайша, тұқым пісіп-жетіліп, оның көбеюіне әсер етеді. Ауаны тазартады. Ластанған ауаны қалалардан шығарып, бізге орман мен даланың таза ауасын әкеледі. Желдің көмегімен электр қуаты өңдіріледі. Көптеген мемлекеттер, жылу және жарық шығару үшін, жел диірмендерін пайдаланады.

Зияыны :

Дауылдар ағаштарға үлкен зиян әкеледі. Бұл орман үшін нағыз апат. Оның әсерінен ағаштар құлайды немесе сыңады. Сондай-ақ, орман өртінің тез таралуына ықпал етеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dasha34presnova
dasha34presnova
15.10.2022 10:56

ХХІ ғасыр – білім, ғылым, технология ғасыры. Жаһандану қарқын алып, адам ресурстaры бaсты кaпиталға айналған уақытта құндылықтар өзгеріп жатыр. Сондай өзгерістердің бірі – кітап оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, жастардың кітапты ұялы телефон, гаджеттермен алмастыруы. Осыған орай сұраныстың өзгеруіне қарамастан, ел ертеңі болар жас ұрпақтың кітап оқуға деген көзқарасын өзгерту қажет. Ол үшін оқырманның оқылым дағдыларын жақсарту механизмдерін жетілдіріп, Оқылым стратегияларын меңгертіп, оқу барысында тиімді қолдануға жол ашу керек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді инновацияландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»[1],-деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Сол себептібүгінгі күннің талабына сай білім мазмұнын,оның құрылымдық жүйесін жақсарту – білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.

Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы – Оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады. Оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай стратегиялар арқылы жүзеге асыруға болады? Оқу барысында қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады?

Ф.Оразбаева еңбегінде: «Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу»[2],-деген анықтама берілген. Оқылым дағдысы арқылы оқушылар мәтінді және оның мазмұны мен мақсатын, тілін түсінуге, негізгі ойды анықтауға және мәтіннің құрылымдық бөліктерін, мәтіннің стилі мен типін анықтауды, оқылған мәтін

негізінде сұрақ құрастыруды, әртүрлі деректерден қосымша ақпаратты айқындауды және мәтіндерге салыстырмалы сараптама жасауды меңгереді.

Отандық ғалымдар тілді үйрену барысындағы оқылымның бірнеше түрін анықтайды: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқу, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу, т.б. Ал Ф.Оразбаева өз еңбектерінде оқылымның танымдық, зерделік, ізденімдік, көрсетімдік оқылым сияқты түрлерін жіктеп көрсетеді. Өз зерттеулерінде Ф.Оразбаева«Оқылымның берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалану керектігінің» [2] маңызды екендігіне баса назар аударады.Оқылым дағдысы арқылы білім алушының танымы кеңейеді, ойлау жүйесі дамитын болады.

Оқушының оқу дағдысын қалыптастырда бірнеше мақсаттар ұсынылған. Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты арқылы оқушы тек мәтін мазмұнын меңгеріп қана қоймай, сол мәтінді жазу арқылы автордың нені көздегенін, кімдерге арнағанын, автордың сол мәселеге байланысты қандай көзқараста екенін, оқырманға жеткізу үшін қолданған тілдік бірліктерін саралап, сараптама жасау дағдысын қалыптастырады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота