3. компьютерлік графика – әртүрлі кескіндерді (суреттерді, , мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алатын информатиканың саласы. қазір кез келген мекемеде газеттер-журналға, жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. олардың кейбіреулері арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырыс берсе, кейбіреулері программалық құралдарды пайдаланып, өздері жасайды. компьютерлік графиканың түрлері: ғылыми графика - ең алғашқы графика, тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. есептерден шыққан нәтижелерді өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, тұрғызған. символдық режимде басып шығаратын. іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін, жоспарын, жетістіктерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т. б. объектілерді көрнекі түрде ұсынатын графика. электрондық кестелер арқылы жасалады. конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. бұл - жаж-дың ( автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі. конструкторлық графика құралдарын пайдаланып, жазықтықтағы кескіндерді (проекция, сызба) ғана емес, кеңістіктегі үш өлшемді де жасауға болады. суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. бұнда қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды. жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін шықты. қазір компьютермен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады. оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер компьютерлердің жады мен жұмыс істеу ғын қажет етеді.
Астана арман қала.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы. Бұрынғы аты - Ақмола, Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті. Елордада халықаралық, мемлекеттік ұйымдардың бас филиалдары орналасқан. 2011 жылы Астанада 7 - ші Азия ойындары өткізілген болатын, ал 2017 жылы Халықаралық EXPO 2017 көрмесі өткізілді.
Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па?
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.