3 - тапсырма . Берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар . Синтаксистік талдау жасап , көсемше тұлғалы етістіктердің қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып Прғандығын анықтаңдар . 1. Нұраш жиналысқа кешікпей келді . 2. Баласы оқудан қайтқалы Дәурен екі мал сойды . 3. Самат таңертең келіп , кешке қайтты . 4. Төрде отырған жігіт жамбастап жата кетті . 5. Қал - жайыңызды білгелі келдік . 6. Мылжыңдап , малтып , міңгірлегенді місе тұтпайды . 7. Асқар суретке түсуге барғалы жатыр екен . 8. Ол ұрандап тұрып жылады , жылап тұрып күлді .
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.