Адам қиялында шек жоқ қой,шіркін.Адамзат қиялы,ойлау жүйесінің биіктігі,жан-жақтылығы арқылы ғана бүгінде көптеген жаңалықтарды әлемге паш етуде."Армансыз адам – бұлбұлсыз құспен тең" деген екен дана халқымыз.Шынымен де,тәтті қиялға,арманға ерік бермейтін пенде жоқ шығар...
Әли бүгін сыныбымен мұражайға барды.Мұражайдың әр бөлігінен оқушылар жаңа мәліметтер алып жатты.Ендігі кезек ғарыш әлеміне,ғарышкерлер өміріне келгенде Әли аса үлкен зеректіліктпен айналасына көз салды.Әлидің қиялының басы анадайда тұрған скафандрда.Ия,Әлидің арманы жұмбақ ғарыш әлемімен байланысты еді.Бір қараса үстінде скафандр,айналасы толған жұлдыздар.Өзі бір ғаламшардың үстінде тұр екен.Белгісіз ғаламшарды суретке түсіріп,зерттеп тезірек Жерге жеткізсем деп асығады.Қасында өзі секілді ғарышкер достары да бар екен...Мұғалімі шақырғанда барып Әли есін жиды.Бұның жай қиял екеніне Әли күрсінбеді.Керісінше,сол қиялын шындыққа айналдыруды мақсат тұтты.
Тәтті қиял.

Қардың түрлері мен мағынасы
Ақша қар — жаңа жауған таза қар.
Алақанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын щық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқы қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.