В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
koninaes
koninaes
13.04.2020 11:14 •  Қазақ тiлi

3-тапсырма Эсседегі есімдіктерді,етістерді теріп жазып, мағынасы мен жасалу құрылымын талдаңыз.
Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.

«Дені саудың жаны сау» деген ата-бабаларымыз. Әрбір адам күніне шамамен сегіз сағат ұйықтауы керек. Сонда адам күні бойы көңілді, сергек болып жүреді. Спортпен шұғылдану, жеке бас тазалығын да ұмытпаған жөн. Спортпен шұғылдансаң, денең ширақ болады, өз-өзіңді сергек, жеңіл сезінесің. Ал бұндай көңіл-күйдің адам денсаулыңы үшін маңызы аз емес. Жеке бас тазалығына келер болсақ, таза жүрген адам көптеген жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупінен ада болады. Халқымыз «Тазалық – саулық негізі» деп бекер айтпаса керек.

Денсаулық екіге бөлінеді: біріншісі физикалық денсаулық, екіншісі психикалық денсаулық. Психикалық денсаулық дегеніміз – адамның көңіл-күйі. Айналадағы болып жатқан өзгерістер адамның көңіл-күйіне әсер етеді. Адамдардың саған деген көзқарасы, көпшіліктің арасында өзіңді қалай сезінуің сенің жан саулығыңа әсер етеді. Экология да денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Ауа ластанған болса, өкпеге кесірін тигізеді. Радияциясы көп жерлерде балалар қандай да бір аурумен дүниеге келеді. Әл-Фараби атамыздың денсаулық жайлы айтқан нақыл сөзі: «Адамның денесінің жетілуі – оның денсаулығы: егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек» деген. Бұл біздің өмірлік ұстанымымыз болу керек.

Қорытындылай келе, деннің сау болуы да, болмауы да әркімнің өзіне байланысты. Себебі күнделікті қандай тағам тұтынатынымызды, немен шұғылданатынымызды, адамдармен қандай қарым-қатынаста болатынымыз өз еркімізде. Әр адамның денсаулығы өз қолында!

Показать ответ
Ответ:
Blazethecat218
Blazethecat218
20.05.2020 19:50

Объяснение:

Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
luchik1608
luchik1608
08.03.2020 07:21
Денсаулық - ең үлкен бәс, сияқты халықтың ақылмандығы гласит. сол сондықтан, не ғана қашан бас адамның барлық арада тәртіпте мен денсаулықпен, бас оның күш және серпіліс үшін қал-жағдай, жанасушылық, шығармашылық бол-. Қашан бойда бірнәрсе болит, оқуда немесе жұмыста алаңсыз ойлау қиын, енжарлан- тіпті думанда-. Ал қазіргі өмір бізден бол- белсенді сұрайды, сол себептен біз туралы өзінің денсаулығының күтуге керекпін.Күт- денсаулық керек жасынан, ал қыңқыл-сыңқылдар ескерту оңайырақ, ауруды қарату еш, дәрігерлер айтады. Біздің сыныбымызда уже жаман көру және қыңыр арқа оқушылар болатын. Жиі сол соң компьютермен ұзақ отыр- деген случается, оқылымдар надұрыс қалыпта при жаман жарық түсір-. Сол қиын бол-, кейін жөнде-, себебі ақпараттың біздің ғасырымызда адамға болды неғұрлым және неғұрлым алдым монитормен отыру приходится, қарамастан және көру және құла- құлау болады. Может, қазір біз осы үлкен мағынаны сомдамаймыз, себебі жайдан-жай ұсынбаймыз, не мынадай соқырлық.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота