3-тапсырма. мәтінді оқып, етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.
мәтінге ат қойыңдар.
егін пісті. астықты алқапта қаздай тізіліп
түсіндірме сөздік
комбайндар кетіп барады. комбайн бидайды орып,
оны бастырады. таза дән комбайнмен қатар келе
бастыру -
орылған егіннің
жатқан мәшиненің қорабына құйылады.
дәнін сабағынан
қазір егіс алқабындағы барлық жұмысты
ажырату.
мәшинелер атқарады. осы мәшинелерді жүр-
гізетіндер — механизаторлар. олар мәшине, трактор, комбайн
жұмысын жетік меңгерген. егер осы мәшинелердің бірі бұзылып
қалса, қалай жөндеу керек екенін жақсы біледі. астықты дер ке-
зінде жинап алудың барлығы мәшинелер мүлтіксіз жұмыс істеген-
де ғана жүзеге асады. бұл күнде механизатор мамандығы – ауыл-
шаруашылығындағы құрметті мамандықтардың бірі.
«ол кім? бұл не? » кітабынан
Менің Отаным – Қазақстан (Ақерке Қапашева)
Отаным, туған жерім – Қазақстан,
Ауыр күндер артта қалды азап құшқан.
Бүгінде ұландарың еркін күліп,
Көгіңде қырандарың азат ұшқан.
Кең байтақ Қазақстан, жасыл далам,
Көп қиындық көрсе де жасымаған.
«Татулық», «Бейбітшілік» басты ұраның,
Сондықтан ешбір дұшпан басынбаған.
Басқадан ешбір ғажап, сый күтпеген,
Күн көруде халқың адал тірлікпенен.
Ашыққанда азық болар, шөлдегенде,
Шөл қандырар сусыны бар – бірлік деген.
Қазақстан! Ұмтылған алға қарай,
Сенен артық, ерек ел бар ма? Қалай?
Адал жүрек, ақ пейілді халқыңменен,
Жетістікке жете бер алда талай.
Отан!! (Мұқағали Мақатаев)
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе, Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан - мекенің!
Менің Қазақстаным (Арайлым Сағынтаева)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Алматы бұл бұрынғы астанамыз,
Алатаудай тауы бар асқаралы.
Нұрсұлтандай арысты туған өлке
Бақыттың баршасы басталады.
Астана - бәйтеректің қаласындай,
Астана - бұл қазақтың панасындай.
Елге ғана осындай даласы бар
Астанадай жас қала жарасымды - ай!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
Менің Отаным - Қазақстан.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.