Әр адамның өз отбасы бар . Ол әркімгеде қымбат . Себебі отбасыңда сені шын жақсы көретін ,сен дегенде жанын беретін ата-анаң бар . Мен үшін менің отбасымның орны бөлек .Мен анамды өте қатты жақсы көремін . Оған әр кез қолғабыс болып жүргенді ұнатамын. Әр отбасы шағын мемлекет деп айтады ғой ,сол сияқты бізде шағын мемлекетпіз. Үйде болған қандайда бір мәселені бірігіп шешеміз .Бір -біріміздің оймызбен санасып ,ақылдасып жатамыз . А тәлім-тәрбиені ең бірінші сол отбасынан алады . Отбасыңнын болуы ол әр кез сенің қамқоршы жандарыңнын болғаны .
Тағамдар өзіндік құрамымен,дәмімен ерекше.Дәмді тамақтан ешкім де бас тартпайды.Менің сүйікті тағамым-палау.Оның жасалу жолдары да ерекше.Палауды әркім өзінше әзірлейді.Бірақ оған міндетті түрде қосылатын көкөністер мен дәмдеуіштері болуы керек.Палау дайындау үшін:ет,сары сәбіз,май,күріш,әр түрлі дәмдеуіштер қолданылады.Палауға міндетті түрде күріш пен сәбіз қосу керек.Палауға дәм беретін де осылар.Маған көбінесе анамның пісірген палауы өте қатты ұнайды.Анам оны басқаларға қарағанда ерекше дайындайды.Мен осы тағамды сүйіп жеймін.