33. Мұғалім Қазақстанның табиғат ғажайыптары туралы біліп келіндер деп тапсырма берді. Әлия Талдықорған жеріндегі «Әнші
құм» туралы, Дәулет Бурабайдағы «Жұмбақтас» туралы әңгіме да-
йындап келіпті.
Ал сен өз өлкеңдегі табиғат ғажайыптары туралы не айтар едің?
Спорт туралы диалог
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.