4. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қара- пайым жоспар құрыңдар.
Сөз өнерін қазақ халқы аса жоғары бағалаған. Сөзді киелі деп те түсінген.
Қазақ мақалы «Адамға келер он бәленің тоғызы тілден» деп сақтан-
дырады. «Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндіре көрме» деген тілекті
айтушы да ата-бабаларымыз. «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады»
деген мақалдың мазмұны «кеткенді келтіріп, кемтігіңді толтыратын да тіл»
дегенді аңғартпай ма?! Тілді аса жоғары бағалағанын, сөзді құдіретті деп таны-
ғанын халықтың осындай қазыналы сөздерінен де аңғаруға болады.
Тіл мәдениеті үшін күрес екінші бір тілді мұқату үшін күрес емес, ана тілі
қызметінің өрісін кеңейту, оны білім мен тәрбие, таным мен түсініктің мықты
құралына айналдыру үшін күрес.
Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген.