4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Оқиға қалай өрбіді? Әңгіменің компо- зициялық құрылымын анықтаңдар (оқиғаның басталуы, оқиғаның өрбуі , оқиғаның аяқталуы). Ораздың қысқы соғымы – қоян ғана. Оның үйі қоянды көбінесе сорпа қылып емес, бәліш жасап жейді. Сол үйде үлкен қара таба болады. Ораздың әйелі бәлішті осы қара табаға толтыра жасайды. Үлкендігіне кісінің құлашы әрең жетерліктей зор бәліштің ішіне қоянның етіне араластыра картоп та салынады. Бір бәліш екі үйдің жанын дық тойғызады. Ораз - әңгімешіл адам. Оның айтуынша, әкесі Қаша да аңшы екен. Е
Менің арманым.. . .
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.
Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.
Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.
Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!
1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.
Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.