Достық деген не өзі? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Өйткені, бұл – жауапсыз сұрақ. Ел аузында «Сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтамын» деген қанатты сөз бар. Өзімізше өміріміздегі сәттерді саралап, достықты екіге жіктейміз: адал және амал достық.
Дегенмен, бір қиындықта қол ұшын созбаған адамды «адал дос» деген атағынан айырып тастауға бола ма? Ойланып көріңізші...
– Сізді қолдайтынын әрі түсінетінін біліп айналаңыздағы кейбір адамдарға бар сырыңызды айта аласыз. Бірақ, ол сіздің туған күніңізді де білмеуі мүмкін.
– Ал, кейбір адамдар сіз туралы бәрін біледі. Сіз жасаған қателіктерді әркез кешіреді. Бірақ, сізді қолдауға келгенде осалдық танытады.
– Біреулермен жиі араласпайсыз, бірақ әр жүздескен сайын өзіңізді бақытты сезінесіз.
– Кей достарыңызды бала кезінен білесіз. Ортадағы үзілістерге қарамастан онымен қарым-қатынасыңыз жақсы.
– Кейде бір көріп, жаңа танысқан адамға бірден бауыр басып, әп-сәтте жақын досына айналасыз.
– Кездескен әрбір сәттеріңіз күлкімен өтетін, көңіліңізді марқайтып, қуаныш сыйлайтын әзілкеш достырыңыз да бар.
Осындай жандардың ортасында жүріп, өзіңізді «доссыз адаммын» деп есептейсіз бе? Әлде қолдау таныта алмағанның бәрі амал дос па?
Достық, махаббат – мұның барлығы қарым-қатынасқа құрылатын сезімдер. Құрамы бірдей: шынайылық, жылулық және сенім. Егер қасыңыздағы адамға деген сеніміңіз жоғары болса, оның қасында өзіңізді еркін сезінсеңіз, "досым" деп қорықпастан айта беріңіз. Адал және амал ұғымдарын ойлап тапқан – адамның өзі, ал, сіз тек бір ғана түсінікті қалыптастырыңыз. Ол "достық" деп аталсын.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі.
Ал амал дос тек өзіне қажет уақытта дос кейпін танытып, басыңа қиындық түскен кезде сені жалғыз қалдырып кетеді, тіпті "сатып" та кетіп жатады. Сондықтан дос таңдауда сақ болып, жаңылмауымыз керек.
Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Сондықтан, өміріміздегі адал достарымызды бағалап, ортамызға түсініспеушілік түсірмей, ешқашан достарымызды алдамай, керісінше достығымызды нығайта түсейік.