41. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бастаушы тө- мендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны сөйлем мүшесіне талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан баланың пікіріне «Кім келіспейді?» де- ген сұрақ қояды. Келіспегендер өз пікірлерін дәлелдейді. өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы ойын бастаушы болады. 1. Көкек өз атын өзі шақырады. 2. Ол таңертең Баян- ауылға соқты. 3. Талапты ерге нұр жауар. 4. Атам қамшы өрді. 5. Лезде су сарқылды көмек керек
Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі татулықа,бірлікке үйретті. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты жаудан қорғап,болшақтағы ұрпақтты ойлап,олар татулық,бірлікпен болсын деп айтқан.
Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған.
2 мемлекеттік дума: Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді.
1 мемелекеттік дума: қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды.