5-тапсырма. Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңінен үзіндіні оқып, ар-ұят, адалдық туралы түйген ойларыңды сыныптастарыңның пікірімен салыстырып,
қорытынды жасандар.
Ақылды сол – нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол — таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды.
СПОЧНО
Диалог «Азық – түлік дүкенінде»
– Қайырлы таң!
– Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?
– Ия, қазір ғана келді. Сіз қандай сүт өнімін алайын деп едіңіз?
– Маған бір келі ірімшік, бір литр қолдың қаймағы мен жарты келі май өлшеп беріңізші.
– Жақсы Мінеки. Тағы бір нәрсе берейін бе?
– Құрт қаншадан?
– Құрттың бағасы әр түрлі, бір данасы мөлшеріне қарай 50 теңге мен 100 теңге арасында.
– Маған әрқайсысынан екеуден сала салыңызшы.
– Жақсы. Барлығы 4250 теңге болды. Нан аласыз ба? Жаңа піскен нан. Түрлі тәтті тоқаштар да бар.
- Иә, жаңа піскен болса, екі нан беріңіз. Сосын ірімшік пен бал қосылған тоқаштан да екеуден сала салыңыз. Барлығы қанша болады?
- Нан мен тоқаштарды қосқанда 4800 теңге болды.
– Мінеки. Ет бөлімі қашан ашылады?
– Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз! Ет бөлімі осы демалыстан бастап жұмыс істейтін болады.
– Жақсы. Сау болыңыз!
- Саяжан, сәл күте тұр, мен әке-шешеме қоңырау шалып рұқсат сұрайын?-дедім. Ол сөзімді қуанышпен естіген Саяжан:
- Әрине!-деп жауап берді. Уміттене Саяжан ауызымның әр қимылына қарап анамның келісімін күтті.
- Алло, мам! Қалыңыз қалай?
- Рахмет қызым, жақсы! Өзің ще? Сабақтарың бітіп үйге қарай бет алдыңба?
- Иә, мам, сабақ бітті, тек мен сізден сұрайтын өтінішім бар еді?
- Иә, құлыным, айтағой.
- Мам, Саяжан менімен үйге барғысы келеді, мен оны көптен бері үйге шақырмаппын, біздің үйге барса болма ма?
- Әрине болады, бірақ ол өз ата-анасын ескертті ме екен?
- Білмеймін, оны сұрамаппын.
- Жақсы, ондай болса ең алдымен, ата-анасына хабарлассын. Олар рұқсат етсе, біздің үйге барып тоңазытқыштағы тамақты жылытып ішіндер. Одан кейін сәл демалып алып, сабақтарыңды оқыңдар! Жарайма?
- Жақсы анашым! Рахмет сізге! Біз міндетті түрде айтқаныңызды орындаймыз! - деп сөзімді аяқтай салып, Саяжанның ата-анасына қоңырау шалдық. Олардың да рұқсаттарын алған екеуміз қуанып үйге асықтық.