59. Ертең «Мен өскенде кім болам?» тақырыбында төртінші сы- ныптар арасында сурет салудан жарыс өтпекші. Осы туралы досыңа жазбаша хабарлама жібер, мектеп радиосынан хабарлап айт. Хабар- ландыру жазып, көрнекі жерге іл. Мектеп радиосынан конкурс туралы хабарламаны айту үшін мыналарды ескер: жарыс қандай тақырыпта, қашан болатыны, кімдер өткізетіні, кімдерді шақыратыныңды анықта; хабарламаңды бірнеше рет айтып, дайындал; тыңдарманның назарын аударатын сөздерді орынды қолдан; сөйлеуде дауыс ырғағы мен дауыс екпінін сақта; шақыру қағазын толықтырып жаз. Құрметті ...! Сізді «Мен өскенде кім болам?» жарысына қатысуға ша- қырамыз. Өтетін орны: ... Уақыты
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.
Объяснение:
мине
Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отрыған қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім беру саласына жүктеліп отыр