6. Автор осы үзіндіде қандай қасиеттке ерекше мән береді ? Нені айтқысы келді ? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен талдап жазыңыз . Жеті жұрт көшіп кеткен соң , Атамыз қазақ баласы Конып , мекен еткен жер . Мыңнан - мыңнан жылқы айдап , Жүзден - жүзден нар байлап , Дәулеті қалың біткен жер . Аузы түкті кәуірдің , Басы шошақ қалмақтың Қанын судай төккен жер . Алма мойын аруын Ерлерім олжа еткен жер . Күндердің күні болғанда , Таршылыққа қалынды , Қайырсыз болған неткен жер ?!
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.