6-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Шаһар деген сөзді қандай сөзбен ауыстыруға болады?
2. Ескерткіш қайда әкеліп орнатылды?
3. Күлтегін ескерткіші қай халықтарға тиесілі?
4. Ескерткіштің көшірмесі Қазақстанға ненің және кімдердің
арқасында әкелінді?
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-жерлері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яки бимен бейнелеу көне дәуірде наным- сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Ілкі билер ғұрыптық-мифологиялық мәні мен магиялық қызметі бар салттық әрекеттердің құрамдас бөлігі еді. Қоғам дамуының алғашқы сатыларына адам мен кейбір жан-жануарлардың туыстығы болады деген нанымға сай туған тотемдік билер тән еді. Тотемдік билердің негізгі сипаты - тотемге еліктеу. Осыдан келіп жануарлардың қимыл-әрекеттерін бақылаудан туған образдарды бейнелеу мен мифологиялық түсінік түйісе келіп, билеу кезінде аң, құстардың қылықтары көрініс табады.