Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сасықкөл
деген жерде туған. Бала кезінен өте зерек болған. Мағжан төрт жасынан хат таныған. Қызылжардағы М.Бегішев
ашқан медреседе 5 жыл, Уфадағы «Ғалия» медресесінде 3 жыл оқыған. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан»
атты тұңғыш жинағы басылды. М. Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген соң, «Алаш»
партиясын құруға қатысты. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен жазықсыз атылды. Ол — қазақ әдебиетінің
тарихында өз орны бар үлкен ақын. Мағжан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертегі» атты поэмалардың және
«Педагогика» оқулығының авторы. Мағжан поэзиясында отаншылдық, ұлттық рух, патриотизм бар. Оның тілі
көркем, жаңашылдығы жоғары.
БҰЛ АҚИҚАТ
Мағжан Жұмабаевтың тұңғыш жинағы Омбы қаласында шықты.
М. Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясын бітірген.
Мағжан – «Психология» оқулығының авторы.
Бұл жалған