6-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Mм» (мәтін мазмұны) әдісі. Оқылым мәтін бойынша кестені толтыр. Қандай жаңа ақпарат алдың? Қиындық тудырған түсініктер Алған біліміңді қайда Қолданасың?
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағандыдағы Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналған «Қазақстан - достықтың киелі бесігі» атты кездесу болып өтті. Бұл этномәдени бірлестіктер өкілдерімен облыстың басты кітапханасында ұйымдастырылып отырған алғашқы кездесу емес. Мекеме қызметкерлері Халықтар бірлігі күні қарсаңында презентациялар, дөңгелек үстелдер және әдеби кештер өткізуді дәстүрге айналдырған. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары аймақтағы түрлі концерттік бағдарламаларға, облыстық спартакиадаларға атсалысып, Достық үйінде өз ңс-шараларын ұйымдастырумен белсенді айналысып келеді. Аталмыш кездесудің басты мақсаты - облысымыздағы этномәдени бірлестіктер қызметімен таныстыру, олардың ұлттық салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға және жас ұрпақты ұлтаралық келісімге тәрбиелеу. Кездесуге «Дакия» румын мәдени қоғамы» және «Казачья вольница» қоғамдық бірлестіктері, «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамы, «Полония» облыстық поляк қоғамы, «Идел» татар және татар - башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, Т.Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі серіктестігі қатысты. Этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжым мүшелері кешке қатысушыларды өз өнерлерімен таныстырды. Концерттік бағдарламаны «Видергебурт» неміс орталығының би ансамблі ашты. Музыкалық сәлемдемені белгілі «Казачья вольница» халықтық ансамблі жалғастырды. Румын мәдени қоғамының солисі заманауи өңделген халық әнін орындап, кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады. Т.Шевченко атындағы «Рiдне слово» украин тілі серіктестігінің мүшелері қазақ тілінде ән айтып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Этномәдени бірлестіктер төрағалары өз сөздерінде этномәдени орталықтардың қызметіне тоқталып, қазақ және ана тілін оқытатын жексенбілік мектептер жөнінде баса айтты. Сондай-ақ, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және халық шығармашылығын дамытудағы атқарылып жатқан орасан зор жұмыстарды айрықша атап өтті. Облыстық әмбебап кітапхана басшылығы іс-шара қатысушыларын келе жатқан Халықтар бірлігі күні мерекесімен құттықтай отырып, этномәдени бірлестіктер төрағаларына алғыс хаттарды табыс етті. Н.Гоголь атындағы облыстық кітапханаға этномәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнатып, серіктестікті жалғастырып келе жатқан игі істері үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің басты қызметіміз бірлік пен біртектілікті, этносаралық келісімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған. Бастамаларымыз қолдау тауып, еңбегіміз осылай бағаланып жатса – біздің міндетіміз орындалды деп білеміз, - деп аяқтады өз сөзін «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семен Раков.Кеш соңында кітапхана қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму кезеңдері және Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктері жайлы әдебиеттерден тұратын «Біздің байлығымыз - бірлікте» атты кітап көрмесімен таныстырды. 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдығы және басқа да ірі іс-шаралар атап өтіледі. Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ағымдағы жылда өткізілетін басты оқиғаларға ақпараттық қолдау көрсетуде белсенді атсалысады. Қазақстан халқы бірлігі мейрамы – 1 мамырда тойланатын мемлекеттік мереке. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні деп белгіленген жарлыққа қол қойған болатын. Егемен ел атанғалы бері бұл мереке ерекше мазмұнға ие болып, қазақстандықтардың ұлт айырмашылығы мен діни сеніміне қарамастан, берік бірлігіміздің, ажырамас достығымыздың нышанына айналды. Олай болса, гүлденген, болашағы зор мемлекетте өмір сүруіміз заңдылық деп сенімді айта аламыз.
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып-дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім-болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.