7-тапсырма. Мәтінді оқып, өз пікірлеріңмен бөлісіндер. Батырлар жырларында, ақын-жыраулар тілінде астана
астана халық деген тіркестер кездеседі. Мысалы, Махамбетте:
ғайда белдік байланған, Астана жұртын айналған». Нұрым жы
ларды
да: «Азды-көпке теңгерген, Астана жұртын меңгерген».
үрде
1897 жылы Орынборда шыққан «Қазақша-орысша сөздік
рт ту
астана жұрт, астана халық дегендерді «көп, сансыз халық»
аударыпты. Л. Будагов бұл сөз түркі тілдеріне парсының аст!
астана «табалдырық, есік, сарай» деген сөзінен ауысқанын ай
9
K
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл теориями қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Боран түрлері
Қыстың қаталдығын көрсететін табиғи дүлей күштің бірі – боран. Қарды бұрқыратып, ұйытқып соғатын күшті жел ретінде танылатын боранды қазақ халқы оның дүлей күшіне қарай, ашуына қарай, бағытына қарай, уақытына қарай, ұзақтығына қарай түрліше атайды.
Ақ боран – көз ашқысыз, желдете жауған қарлы боран.
Ақ түтек боран – алай-түлей түтеген боран.
Ақ шұнақ боран – бір мезгіл соғатын шыңылтыр аяздағы қарлы боран.
Аққұйрық боран – құрғақ аязды күні қарды ирелеңдете, бұралаңдата соғатын боран.
Ақ жорға – қысқы аязда жоннан ойға қарай соғатын, қарлы бұрқасын, боран.
Алай-түлей түтеген боран – ұйытқыған немесе бората соққан қатты жел.
Алақаншық боран – бір бәсеңдеп, бір ұйытқып соққан боран.
Дауыл боран – осқырған жел.
Долы боран – екіленіп соғатын боран.
Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран.
Жөпшеңді боран – кәдімгі боран.
Қара боран – түтеген шаңды аспанға көтеретін боран.
Құм боран – құмды, топырақты суырып, ұйытқи соғатын боран.
Майлы боран – қойны-қонышқа кеулеп соғатын қарлы боран.
Сұрапыл боран – қаруы қатты боран.
Сырғыма боран – қарды үрлеп жер бауырлай соғатын боран.
Тас боран – суырып соққан күші қатты боран.
Тентек боран – бір күшейіп, бір басылып соғатын боран.
Түтек боран – алай-түлей боран.
Ұйтқыма боран – ұйытқи соққан қарлы боран.
Үскірік боран – құрғақ, суық боран.
Ызғырық боран – өңменнен өтер ызғарлы боран.