№ 8- сабақ: Түйіндеме (Резюме). Өмірбаян, жазылу жолдары
Резюме – француз тілінен алынған термин. “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні”
деген мағына береді. Түйіндеме – жеке тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі,
біліктілігі, икемділігі жайлы қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Түйіндеменің ерекшелігі –
үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі: аты-жөні; туған жылы, күні, айы, туған жері;
ұлты; жынысы; мекенжайы, телефоны; отбасы жағдайы; азаматтығы; білімі; бітірген оқу орындары;
тілдік дағдылары; кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; компьютерлік сауаттылығы; жеке
қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық,
мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттері, ұжыммен жұмыс істей білу,
ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) қызығушылығы (саяхатқа шығу,
би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары,
сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.) Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық
тәртіпте қысқаша жазылған ресми құжат. Өмірбаян оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу, т.б.
кездерде жазылады. Ол таза қағазға қолмен, кейде арнайы бланкіге бірінші жақта жазылады.
Өмірбаянда құжаттың аты, туған күні, айы, жылы, туған жері, ұлты, білімі мен мамандығы, бітірген
оқу орындары, қызметі, жұмыс тәжірибесі, отбасы жағдайы, құрамы, алған марапаттаулары,
толтырылған күні, жеке қолы т.б. қасымша мәліметтер көрсетіледі. Өмірбаянның мазмұндыққұрылымдық жүйесі: 1. Құжаттың аты (өмірбаян) 2. Аты-жөні (толық жазылады), туған жылы, айы,
күні, туған жері 3. Ұлты 4. Білімі, оқыған оқу орындары 5. Қоғамдық-саяси қызметі 6. Ата-анасы,
жұбайы, балалары туралы мәлімет 7. Қазіргі жұмысы, мекенжайы. Өмірбаянның мазмұны автордың
өмір жолын, іскерлік қасиеттерін жан-жақты баяндап беруге тиіс.
Грамматикалық минимумдар: Жіктеу есімдігі мен жалқы есімдер
Жер-су атаулары оқу орындарының, құрметті атақтар мен наградалардың, ұйымдар мен
мекемелердің атаулары Сан есімдер (реттік сан есім)
Етістіктің өткен шағы -ды, -ді /- ты, -ті /- қан, -кен /- ған, -ген
Үстеу (қазір) Модуль сөздер (бар, жоқ)
Тапсырмалар: 1. Мәтінді оқып, аудару. 2. Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесін айтып
беру. Бақылау сұрақтары: 1.Түйіндеме не үшін жазылады? 2. Түйіндемеде қандай мәліметтер
болу керек? 3. Өмірбаян қандай құжат? Оның қандай түрлері бар? 4. Ол қандай жағдайда, нешінші
жақта жазылады?
ІV. Лексика - грамматикалық тестке жауап жазу:
1.Ол Семей қаласында а) тұрдым ә) барды б) келді в) туылдым
2. 1998 жылдан а) бері ә) дейін б) таман в) арасы
3. Мен 1992 жыл... 2002 жылдейін а) - дан, -ға ә) - да, -ге б) - тан, -қа в) - тен, -ке
4. 1992-2003 жылдара) дейін ә) бері б) аралығында в) арасында
5. Адамның жеке қасиеті – а) ұлт ә) ұстамдылық б) саяхат в) азамат
6. Қарағанды қаласы ... жұмыс істедім а) - да ә) - нда б) - н в) - на
7. Мұнай компаниясында а) болды ә) болған б) болып в) бола
8.1995 жылы университет... түстім а) - ке ә) - ті б) - іне в) -те
9. Менің білім... орта. а) - сі ә) - де б) - ім в) - м
10. Университетті а) оқып жүрмін ә) бітірдім б) келдім в) аталған
11. 1999 жыл дейін а) - да ә) - дан б) - мен в) - ға
12. Докторлық диссертация а) аштым ә) келді б) қорғадым в) бар
13. Орысша аламын. а) сөйле ә) сөйлеп б) сөйлей в) сөйледі
14.Фирмаға инженер болып а) тұрды ә) барды б) кетті в) келді
15.Мен тұрмыста а) мын ә) бардым б) шықтым в) құрды
Конституция, Ата Заң — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.