8-сынып қазақ тілі пәнінен 4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы Оқылым
1-тапсырма
Жауабын көрсету
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүниетанымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.
1. Мәтіннің түйінін анықта
А) Тазарғың келсе, театрға бар!
Б) Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар.
С) Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты.
Д) Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды.
[1 ұпай]
Жауабын көрсету
2. Қабаттасып келген тыныс белгілердің қойылуына не себеп екенін анықта
-Астапыралда! - деді Итбай.
А) Төл сөз, одағай
Б) Төл сөз, қыстырма сөз
С) Лепті, қыстырма, диалог
Д) Қаратпа сөз, төл сөз
[1 ұпай]
3. Жауабын жасыру
3. Эссенің кіріспе бөлімінің құрылымдық бөліктерін мысалымен сәйкестендір.
Қай кезде де туризм саласының дамуы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында қарастырылып келеді. Туризм саласын дамытуға қарасты қоғамда екіұшты пікір ұшырасады. Экономист мамандар "Туризмнің дамуы елдің экономикалық ілгерілеуіне себепші болады",- деген пікірлерін алға тартса, эколог мамандар "Туризмнің дамуы көрікті жерлерге экологиялық нұқсан келтіреді",- деген пікірді ұстанып отыр. Сонымен, туризмнің дамуының тигізер артықшылығы көп пе, әлде келтіретін зияны көп пе?
1. Тақырыптық сөйлемдер
2. Екіұшты пікр алшақтығы
3. Талқылау сұрағы
А) Туризм саласын дамытуға қарасты қоғамда екіұшты пікір ұшырасады. Экономист мамандар "Туризмнің дамуы елдің экономикалық ілгерілеуіне себепші болады",- деген пікірлерін алға тартса, эколог мамандар "Туризмнің дамуы көрікті жерлерге экологиялық нұқсан келтіреді",- деген пікірді ұстанып отыр.
Б) Сонымен, туризмнің дамуының тигізер артықшылығы көп пе, әлде келтіретін зияны көп пе?
В) Қай кезде де туризм саласының дамуы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында қарастырылып келеді.
[1 ұпай]
4. А.Гиннестің "Санасы бос адамның алдында ойнағанша, бос орындықтың алдында ойнаған жақсы" деген пікіріне өз дәлелдеріңді ұсынып, төмендегі жобаға сәйкес ойларыңды толық жазыңдар.
1. Өзіндік пікір
2. Дәлел
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал
4. Өз пікіріне қарсы дәлел
5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал
6. Қорытынды
[2 ұпай ]
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар
"Экспо"кормеси аясында,елимизге келетин туристерге оз жеримиздин байлыгын,кереметтилиги мен байтактыгын корсетип кана коймай,коптеген мумкиншиликтер карастырылып отыр.Отанымыздагы сынгырлап аккан булактын ози моп-молдир болгандыктан,биз туристтерди кабылдауга нык дайынбыз.3 ай бойы жалгасатын бул кормеде алемнин тукпир тукпиринен 5 миллион турист кутилуде.Олар бас каламыз Астананын ен корикти жерлерине саяхаттап кана коймай,конакжайлылык сезине алады.
Биз кен байтак жеримизди корсетип кана коймай,тарихи,экономикалык жане техникалык дамуымызды корсетемиз.Сонымен катар,озимиздин дамуымызды жиилетемиз.Айта кетсек,корме аясында барлык мугалимдер,шенеуниктер жане туристтерге комек корсететин даригерлер жаппай агылшын тилин уйренип жатыр.Импорттау аркылы инновациялык куралдар акелинип жатыр.Жане де биик-биик гимараттар бой котерип жатыр.
Казакстаннын бул кормеге беретини де,алатынын да коп.Биз дамуымызды корсете отырып,одан армен дамимыз.Казакстан ушин "Экспо-2017"улкен мумкиндик пен зор мактаныш.
"Экспо" кормеси-туракты дамудын биик улгиси.