9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз. A) Санау.
B) Еш нәрсе.
C) Сонау.
D) Кейбіреу.
E) Үшеу.
10. Тұйық етістікті көрсетіңіз.
Ашық күндерде кір жуу жақсы.
A) Кір
B) Ашық
C) Күндерде
D) Жақсы
E) Жуу
11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Жонынан таспа тілу.
B) Кішкене тарақ.
C) Толықша келіншек.
D) Жаңбырлы күн.
E) Томағасын сыпыру.
12. құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
B) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
C) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
E) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
13. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
B) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
C) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” - деді мұғалім.
D) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!
E) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.
Менің өмір сүріп жатқан үйім 2 бөлмелі 4-інші қабатта.Осы кішкене ғана үйде мен, ата- анам, ағам жəне қарындасым тұрамыз. Қыста қатты суық күндері үйге симай кететініміз бар. Ойнағымыз келеді жүгіріп.Сыныптағы Арманның үйі өте кең, үлкен 3 қабатты 10 шақты бөлмесі бар. Арманның жеке бөлмесі, жеке сабақ оқитын орны бар.Арман үйінің жалғыз баласы. Мен үйде шулы болғандықтан түнде есептерімді шығарып, жаттығуларды орындаймында, ал қазақ тілінен жаттау, түсінік берсе таң ертең ерте оянып оқимын.Кейде ағам мен қарындасым ойнауға кеткенде олар келгенше оқып тастаймын. Бүкіл сабағым бес. Кейде Арманның орнына бала болсам деймін қалаған уақытымда ойнап, қалаған уақытымда сабақ оқитын. Бірақ анам маған көп нəрсеге шүкір етуді үйретті . Менің жеке бөлмем, жеке сабақ оқитын орным болмаса да, менде мені жақсы көретін Əкем, Анам бар, мен бір есепті шығара алмай жатқанда көмек беретін ағам бар, өзімді үйдің бір тірегі екенімді аңғартатын қарындасым бар. Біз тату, бақытты отбасымыз. Менің үйім мың кең үйге татиды. Басқа үйде тұрғым келмейді, өз үйімді жақсы көремін.