9-тапсырма.7 сынып. 26 бет.
тапсырма:
автордың стилін сақтай отырып,
өзіңнің қазақ тілін үйренуге қатысты
бағдарларыңды 7 пункт етіп жаз. осы
бағдарларды не себепті таңдағаныңды
түсіндір. жазғаныңды көрінетін жерге
іліп қой да күн сайын оқып жүр.
үлгі: 1. бүгіннен бастап күн сайын
қазақ тіліндегі белсенді сөздік қорымды 5 сөзге көбейтіп отырамын. 2. осы аптада мағжан ақынның «қазақ тілі өлеңін
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
Шығарма
Халық ауыз әдебиеті.
Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың талай ғасырлық жемісі.Оны бізге халық жыраулары,жыршылары,ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап,ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.Әсіресе,халық ауыз әдебиеті,аты айтып тұрғандай,ауыздан-ауызға тарағаны белгілі.Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады."Біз ескі әдетімізді сүйеміз,сүюіміз дәлелсіз емес.Құрметтейміз, құрметіміз орыныз емес.Себебі,әдебиетімізде өзге жұрттың әдебиетінде жоқ нәрселер табылып отыр" деп қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов бекер айтпаған деп білемін.Себебі,расында,біздің әдеби қорымызда көптеген баға жетпес туындылар бар.
Тұрмыс-салт жырларынан бастап,эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық бейнесін көрсетеді.Тұрмыс-салт жырларының өзі бірнеше түрге бөлінеді.Мақал-мәтелдер,жұмбақтар мен жаңылтпаштар,лиро-эпостық жырлар,айтыстар,тарихы жырлар мен шешендік сөздер сол заманның бейнесін біздің көз алдымызға әкеледі.Халық ауыз әдебиетінде бәрі-бәрі баян етілген.Халықтың тұрмыс-тіршілігі,арманы,қиялы,мақсаты,көрегенділігі бәрі де ұштасқан."Алпамыс батыр",'Қобыланды батыр" жырларынан бабаларымыздың ерлігін,батырлығын,"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу","Қыз Жібек" лиро-эпостық жырларынан махаббатты,қайсарлықты көреміз.Жаңа өмірге келген сәбиден еңкейген қартқа дейін өткізілетін түрлі салт-дәстүрлерді біз тұрмыс-салт жырларынан көреміз.Ал ертегілер сені өзге әлемге сапар шектіреді.Мақал-мателдер,жұмбақтар мен дана би-шешендерімізден қалған шешендік сөздерде таусылмас ақыл дариясы жатыр.Ия,бұның бәрі бір қазақ халық ауыз әдебиетінде жатыр.Халық ауыз әдебиеті - ол шығармалар жиынтығы ғана емес,кешегіге апаратын көпір,бізді тарихымызбен байланыстырушы.
"Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды" деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,төл әдебиетімізді төрде ұстап, мәңгі қастерлейік!