Тауық жылы туылған адамдар өзінің тіке және қатал мінезімен басқалардан өзгешеленеді. Олар не ойлап тұрғанын айтудан ұялмайды. Дегенмен олардың ашықтығы- көзге түсушілік. Олардың мінезіне міншілдік, еркелік және ішкі сезімталдық, іштен қиналу ерекшеліктері, қарапайымдылық, қайырымдылық, біреуге көмектесу оларды түсіну қосылған. Бұндай адамдар өз өмірлерінде жеңіске жетуге, өз ойынан қайтпауға, үлкен жаңалықтар ашуға ұмтылады. Тауықтар өздеріне көңіл бөлгенді ұнатады. Олар өзінің кемшіліктерін біледі және оған күледі. Олар қажет жағдайда өте батыл, өжет. Сондықтан тауық жылы туылған адамдар жақсы жауынгерлер болып есептеледі.
Берілген сөздердің синонимдерін тауып жазу.
Хал сұрасып – ахуалын/жағдайын/жағдаятын/ жай - күйін/тұрмысын сұрасып/білісіп;
Мақұлдасып – қостап, қоштап, қуаттап, құптап;
көз сүзерсің – көз саларсың, іздерсің;
айтысып – дауласып, жанжалдасып, керілдесіп, керісіп, қарсыласып, қырқысып, қырылысып, салғыласып, сілкілесіп, таласып, тартысып, тәжікелесіп, ұрысып, шаңқылдасып, шатақтасып;
күдер үзерсің – үміт үзерсің;
бөтен – басқа, бейсауат, бейтаныс, бөгде, бөлек, жат, қаймана, өзге, сырт;
өкпе – кейіс, кикілжің, кірбің, қыжыл, қынжылыс, реніш;
көтермесе – арттырмаса, жоғарылатпаса;
түбіне жету – бүлдіру; құрту; өлтіру; өлімге душар ету;
көтермей бір сөзіңді – ренжіп; өкпелеп;
жарылмайды – бөлінбейді, сынбайды, уатылмайды, шағылмайды;
жақсы – жаман – түрлі адамдар;
бақ- дәулет – бақыт;
табандамас – кежірлемес, қасары сіреспес;
шабаңдамас - еріншектенбес, жалқауланбас, кежірленбес, керенауланбас, қырсауланбас.
Берілген сөздердің антонимдерін тауып жазу.
Хал сұрасып - ахуалын/жағдайын/жағдаятын/ жай - күйін/тұрмысын сұраспай/біліспей;
Мақұлдасып – қостамай, қоштамай, қуаттамай, құптамай;
көз сүзерсің – көз салмассың, іздемерсің
айтысып – дауласпай, жанжалдаспай, керілдеспей, керіспей, қарсыласпай, қырқыспай, қырылыспай, салғыласпай, сілкілеспей, таласпай, тартыспай, тәжікелеспей, ұрыспай, шаңқылдаспай, шатақтаспай;
күдер үзерсің – үмітіңді үзбессің;
бөтен – таныс;
өкпемен – кикіджіңсіз, ренішсіз;
көтермесе – арттырса, жоғарыласа;
түбіне жету – бүлдірмеу, құртпау, өлтірмеу;
көтермей бір сөзіңді – өкпелемей, қалжыңды түсініп;
жарылмайды – бөлінеді, сынады, уатылады, шағылады;
жақсы – жаман –--
бақ - дәулет – бақытсыздық;
табандамас – қасарысар, сіресер;
шабаңдамас – еріншектенер, жалқауланар, кежірленер.