В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
маринэджан
маринэджан
10.03.2022 01:52 •  Қазақ тiлi

"аңыз əңгімелердің астарындағы халық арманы" тақырыбында шыгарма керек еди

Показать ответ
Ответ:
verkhozin06v
verkhozin06v
03.10.2020 22:48
     Ауыз әдебиеті әңгіменің бір саласы – аңыз.  Аңыз негізінде  әңгіме, кейде өлең, жыр түрінде болуы да мүмкін.Аңыз белгілі  бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз әңгімеде де шындық оқиға мен  қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Бұл жағынан  алғанда аңыз  бен ертегі  екеуінің  арасы жақын. Негізгі айырмасы – аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құралады. Әуелде тарихта  шын  болған, кейін сондай адам болыпты-мыс  деп, ел аузында лақапқа айналған адам туралы әңгіме етіледі.Аңыз әңгімелердің тарихи адамның төңірегінде  тууының, негізгі себебі сол адамның өз басына  істеген, ісіне, белгілі бір тарихи кезеңде атқарған рөліне, әлеуметтік мәні  зор еңбегіне байланысты. Ол адам батыр,  не ел басшысы, «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен»  шешен би немесе әділеттік іздеуші, халық мұңын жырлаушы күрескер болуы мүмкін.  Бірақ ол адамдардың іс-әрекеттерімен  байланысты  айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосылып, сол істепті-міс, айтыпты-мыс деген әр түрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден жаттап алып, кейінгі ұрпаққа  қалдырады.Аңыз әңгімелерге қиял элементі қаншама көп араласса да , әлгі аңызға айналған  адамның өзі  кәдімгі қарапайым адамның  қатарында  қала берді. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Қорқыт т.б. – бәрі де  шындықтағыдай, жай адамдар ретінде суреттеледі.Аңыз әңгімелердің бәрі бірдей бір сюжет, бір идеялық мазмұныда бола бермейді.  Тақырыбы бір болғанымен, идеялық мазмұны  әр басқа  болуы да мүмкін. Аңызда әр топтың өкілі өзінше  баяндап, өзінше түсініп, оны өз тобының көзқарасына лайықтап, өз мүддесіне пайдалануға  әкеп тірейді.Қазақта Асан қайғы туралы аңыз әңгіменің бірнеше нұсқасы бар. Кейбіреулерінде ол өз халқына бақыт іздеп, Жерұйық тапса, жақсылықты алдан күтсе, кейбіреуінде ол хандардың қамқоршысы кейпінде көрінеді, сары уайымға салынады.Қазақ аңыз әңгімелерінде  қиял-ғажайып дүниелер мол, олар адамды асыл армандарға бастайды, оның ұшқыр ойына қанат бітіреді, келешекке үміттендіреді.                                    Жиренше мен ҚарашашЖиренше шешен мен Қарашаш тарихта болған адамдар ма, жоқ па, ол жөнінде мәлімет жоқ. Жалғыз-ақ ел аузындағы әңгіме оны тарихта болған Әз-Жәнібек ханның тұсында болыпты-мыс дейді. Жиренше  шешен жөніндегі аңыз халыққа өте көп тараған. Көбіне ол шешендігі жағынан әңгіме етіледі. Жиренше – халық ауыз әдебиетінен сүйікті орын алған ұнамды қаһарман. Хан мен Жиренше кездескен жерде,  ханның ақымақтығы, Жиреншенің ақылдылығы айқындалып отырады. Сөйтіп Жиренше жөніндегі аңыз халықтың ішінен шыққан дана адам үстем тап өкілдері әр дайым жеңіп отырса олардан анағұрлым  мойны озық жатса деген тілек мақсатты қамтиды. Мысалы: «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» – дейді Жиренше Жәнібек ханға.Жиренше мен Қарашаш қатар аталады. Халық Қарашаш бойына даналықты ды, шешендікті де дарытқан. Талай тұйыққа  тіреліп , не қыларын білмей қалған жағдайларда , Жиренше ақыл тауып беретін де аузына сөз салатын да Қарашаш. «Еркек қайда қоздат», — деп хан әмір бергенде, Жиренше шын сасады, келіп Қарашашқа айтқанда «Сасатын түрі жоқ, қойды алып кел», — деп мерзімді кезіне дейін қойды соып жей береді де, ханды сөзден жығып, Жиреншені өлімнен құтқарады. Жалғыз бұл емес, көп тұста халық Қарашашты ең дана, ақылды әйелдердің өкілі етіп суреттейді. Бұның ерекше мәні бар. Әйел – көп халық.  Олардың әлеуметтік өмірде орны үлкен, маңызы зор. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады», әйелдердің ішінде де асқан дана адамдар бар деген пікірді бұл аңызда да қолдайды. Аңыз әйел мәселесі жөніндегі феодалдық – кертартпалық көзқарастан аулақ.Қорыта келгенде, аңыз әңгімелердің көпшілігі – халық мүддесі, ел тілегін қамтитын туындылар. Халық өз ішінен шыққан әртүрлі ақылды адамдардың ел тілегінен қабысқан игі ісінің айналасында әңгімелер туғызып, сол, арқылы  өз кезіндегі көпшіліктің нені аңсап, нені көздегенін тайға таңба басқандай етіп, ауыз арқылы кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған.            
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота