Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын ажыратыңдар.
1. Дос айтады: бермесең,
бұлт берем деп.
2. Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қаңқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
3. Құржаң-құржан етеді,
Жер ұшық берген кісідей...
4. Орынсыз ыржан,
Болымсыз қылжан
Бола ма дәулет, кәсіп бұл?
Қазақ тілі
7 сынып
§58. Қазақстан - еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі
118, 119 бет
1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмалар
1-тапсырма
Мәтінді оқу
2-тапсырма
Оқылым материалындағы мәдени мұралар:
1) Қазақстан ескерткіштері.
2) Ашық аспан астындағы мұражай.
3) 25 мыңнан аса жылжымайтын тарих, археология, сәулет және өнер ескерткіші.
4) 89 мемлекеттік мұражайдағы 2 млн 56 мың мәдени құндылықтар.
5) 3495 мемлекеттік кітапханадағы 66 млн 840 мың кітап, сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар.
6) Алтын Адам - Қазақстанның мәдени бренді.
Өзім қосқым келіп отырған мәдени мұралар:
1) Ұлы Абай атамыздың өлеңдері де мұраға кіреді. Себебі, Абай атамыздай талантты ақын ешқандай елде жоқ. Оның өлеңдері де өте тамаша.
3-тапсырма
Қаңқ - еліктеу сөз (еліктеуіш сөз)
Салп - еліктеу сөз (бейнелеуіш сөз)
Құржаң-құржаң - еліктеу сөз (бейнелеуіш сөз)
Ыржаң - еліктеу сөз (еліктеуіш сөз)
Қылжаң - еліктеу сөз (бейнелеуіш сөз)
4-тапсырма
Күн шатыр-шұтыр күркіреді. Олар сылқ-сылқ күлді. Уалихан апасына жалт қарады. Ай сәулесімен жалт-жұлт етеді. Тоғайдан шыр-шыр еткен дауыс естіледі. Аттар ауыздығын қарш-қарш шайнайды Бүлдіршіндер томпаң-томпаң жүгіріп жүр. Ауыл маңы апыраң-топыраң болып жатыр. Доп өзенге шалп етті. Жаңбыр сатұр-сұтыр етіп жауды.
5-тапсырма
Сәлеметсіздер ме?
Қазақстанда өте әсем жерлер көп соның бірі атақты Қожа Ахмет Ясауи кесенесін таныстырамын. Бұл кесене XIV ғасырдың соңында Әмір Темірдің (Ақсақ Темір) бұйрығымен тұрғызылған. Аңызға сүйенсек, кесенені ең алғаш тұрғызғанда оны үлкен көк бұқа қирата беріпті. Сонда бір күні ханның түсіне Қожа Ахмет Ясауи кіріп, "Менің кесенемді соқпай тұрып, менің ұстазым Арыстан бабтың кесенесін тұрғызыңдар" деген екен. Сонда хан таң атпай құрылысшылар мен сәулетшілердің жинап Арыстан баб кесенесін тұрғызыпты. Сонда әр түні әлгі көк бұқа келіп жүрген екен. Сол бұқа кесененің айналасына келмей қойыпты. Осылайша Қожа Ахмет Ясауи кесенесі тұрғызылған екен.
Сіздермен танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыздар.
Үй тапсырмасы
6-тапсырма
-Сәлем қалайсың.
-Сәлем жақсымын.
-Осы Қазақстан еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі дегенге сен қалай түсінесің?
-Қазақстан 2030жылға қарай еуразиялық кеңістіктің мәдени орталығына айналуы тиіс.
-Маған да түсінікті болды сау бол рахмет
-Оқасы жоқ сау бол.