ӘБУ НАСЫР ӘЛ - ФАРАБИ ( 870-950 ) Әбу Насыр әл - Фараби қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым . ойшыл , философ , математик . Ол – әдебиет пен музыка зерттеушісі , ақын . Толық аты - жөні : Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ әл - Фараби . Болашақ ғалым алғашында туған жері Оты рар медресесінде , кейін Шаш , Самарқан , Бұхара , Мысыр , Халеб , Бағдад қалаларында оқып , жан жақты білім алған . Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанып , көп тілді меңгерген .
Оның философия , жаратылыстану , астрономия , математика , медицина , логика , этика , метафизика , жағрафия , әдебиеттану , тіл білімі , музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім .
Ұлы ғалымның көптеген еңбектерінің ішінен бүгінгі ұрпақтың қолына қырыққа жуық ғылыми жазбасы жеткен .
Әл - Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы Қазақстанда кеңінен атап өтілді . Оның шығармалары қазақ , орыс , ағылшын тілдеріне аударылған . Алматыдағы Қазақ ұлттық университеті әл - Фараби есімін иеленген .