Алаш қайраткерлері қазақ тілі туралы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі
мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік
еді. Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынұлы: Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе
қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді», - деді. Қазақ АКСР-і орнағаннан соң,
1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі шақырылды. Осы
съезде 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалған қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып
өгертілген, ресми түрде қабылданған әліпбидің мәні жөнінде, дыбыс әдісімен оқыту ісі жөніндегі
мәселелер талқыланды. А.Байтұрсынұлы қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазды. Ол «оқу
құралы» деген атпен 1912 жылы Орынборда шығарылса, кейін 7 рет қайта басылады.
1. Берілген кестені толтыр. Мәтіндердің стилі мен жанрын анықтап, себебін түсіндір. Ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ажырат.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.