Алтай ботаника бағы – ғылыми-зерттеу мекемесі, еншілес мемл. кәсіпорын. биол. зерттеулер орт-на қарайды. 1935 ж. шығыс қазақстан обл-ның лениногор (қазіргі риддер) қ-нда құрылған. аумағы 176 га, теңіз деңгейінен 760 – 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. а. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. ондағы жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 4000-дай түрінің 200-ы жергілікті флораға жатады. соның ішінде ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлдердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. а. б. б. осы уақыт ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, -шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. сондай-ақ а. б. б. табиғатты қорғау бағытында шығыс қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. қазақстанның «қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді. oқылым мәтіннен синоним, антоним, омоним сөздерді табу керек.