Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі». Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радиода борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы ба з, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді.
Тыңдалған мәтіндегі оқиғаны жалғастырып көр. Өзіңді мәтін кейіпкерлерінің біреуінің орнына қойып, оқиғаны І жақта әңгімеле.
Тазалық керек адамға!
Эссе абзацтарын ретімен қой.
Менің кейіпкерімнің есімі – Кәрім. Ол менің құдай қосқан көршім болады. Оның салақтығын сөзбен сипаттап жеткізу өте қиын. Алайда дәл қазіргі кейпін сипаттап берейін. Кәрімнің үстінде жұмысқа арналған шалбар мен жейде бар. Жейдесінің жағасынан бастап кір.
Дарылдатып сүйрегенде, артынан бұйраланып шаң борайды. Ол кебіс тозып, жаңа кебіс кигені есімде жоқ екен. Ал ол аяқкиімін шешіп үйге кірсе не болады, ол үйді бұзып қайта салу керек болатын шығар.
Ол кірдің қалыңдығы сондай, қара жылтыр қабық болып қалған. Шалбарының да түсі дәл сондай қара қошқыл қабыршақты. Арасында сынып кеткен тұстары да байқалады. Бұл май мен кірдің араласқанынан пайда болған ерекше химиялық қабық деуге болады. Тіпті жаңбыр жауған кезде де ол қабықтан су өтпейтінін көріп қатты таңғалғаным бар. Жақындай түссең сұмдық жағымсыз иіс мұрныңа келеді, жиіркеніп құсып қоюыңыз мүмкін. Осыншама салақ адамды көрмеген едім. Аяғындағы ескі кебісі де әбден тозған, сөгілгелі тұр.
Қазыналы елміз деп жатамыз. Ол рас. Қазақтың несібесі басқаларға қарағанда кем кесіп-пішілді деп пешенемізге өкпе айта алмаспыз. Шүкір құдайға, қазақтың жер байлығы да, кен байлығы да бір басына жетерлік. Бауырына басып жеймін десе де, ақсұңқар құстай шашып жеймін десе де жарап тұр, жарасып тұр.
Соған орай ата-бабаларымыз да қазына деген сөздің қадіріне жеткен, қасиетін білген. Бұл, әсіресе, көшпенділер өркениетінің қымбат құндылықтарын «жеті қазына» деп бөлек әспеттеп құрметтеуінен де көрініс тапқан.