В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
taliya1tolya
taliya1tolya
02.05.2021 18:37 •  Қазақ тiлi

Асбестсе, сол кола 2. Берілген бағдарламалардың міндеттерін жаз.
span
Проигрыватель Windows Media
Воспрои
Запись
сорси.
3.Сәйкестігін анықта. калай жазады айтып жибериндер​

Показать ответ
Ответ:
den53499
den53499
21.01.2021 02:35

Өмірдің мәні мейірімділік, адамгершілікте деп білемін. Бала күнімнен әжем мейірімділік туралы құлағыма құйып, түрлі әңгімелер айтатын. Мейірімділік - адам бойындағы ізгі қасиет. Өзгеге жанашыр болып, мейірім таныту мен үшін адамдықтың белгісі іспетті. Себебі мейірім, рахым болмаса, а біріне-бірі жау болар еді.

Әжем қолымда бар нәрсені өзгемен бөлісуді үйретті. Бірде әжем екеуіміз дүкенге бардық. Әжем түрлі тағамдар, тәттілер алып жатты. Бір кезде қолыма екі шоколад ұстатты. Екеуін де бас салған мен қуанып кеттім. Жалма-жан біреуін аша беруге ұмтылғанымда, әжем есік жаққа қарай нұсқады. Кезекте тұрған адамдардың арт жағында жұпыны киінген әйел мен мен шамалас баласы тұр екен. Баласы дүкен сөрелеріндегі тәттілерге телміре қарайды. Сонда апам: "Шоколадыңның біреуін ана балаға бере ғой", - деді. Әжеме бір сәт қарап тұрдым да, балаға қарай беттедім. Жанына келіп: "Жей ғой", - дедім сыпайы түрде. Ол не айтарын білмеді де. Алар-алмасын біліп анасына қарады. Мен шоколадты қолына ұстата бердім. Ол: "рр... рахмет", - деді абыржып. Мен жымиып, апамның жанына бардым. Әлгі бала шоколадты ашып, жеуге кірісті. Осы сәтте ішімде бір жылылық пайда болды. Мейірімділіктің әлемге жылу сыйлайтынын түсіндім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
erikterik
erikterik
31.10.2022 13:01

«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді. Шын мәнінде нағыз адам болу үшін жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достык,махаббат,ар-намыс, сабырлылық, батырлық т. б. толып жатыр. Осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері,«Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. Талап. Абай Қырық төртінші сөзін «А ң ең жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың да түрлері кеп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық.  Ақын жастарға өнер үйренетін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келе» - дей келе, талапсыз адам ғылымға, болашаққа, өз өміріне жол сала алмайтынын ескертеді. Еңбек. Бүл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді ақын. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.  «Еңбек қылсаң ерінбей - Тояды қарның тіленбей...» -деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты - жан сақтау, мал табу, үй-ішін асырау.  Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой, екіншісі - сөз. Ойлау - күрделі психикалык процесс, оның мазмұны өте бай, ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек тұрақты ақыл-ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Ақын мияда қорытылып айтылған өзіндік тиянақты ұғым мен келелі пікірге толы ойлы сөзді құрмет тұтып: «Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ» - деп, ой-пікірсіз сылдыр сөзді адамдарды сынға алады.  Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсіндіруінше қанағат - барға риза болу, місе түту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу: «Қулық, сұмдық, ұрлыкпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас, Зиян шекпей калмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас». Ал, қанағатсыздық - езі тойса да, көзі тоймайтын тойымсыздық, нысапсыздық. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «А қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп, мінейді. «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға өлдің бөрі де есті», - деп, налиды. Рақым.  Абайдың пікірінше терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі жүрек пен сезім. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын мен..әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық..менен шығады» -деп, жүректің қызметіне талдау жасайды. Абайдың тұжырымынша рақымдылық - барлық а өз бауырындай керу, езіне ойлаған жақсылықты өзгеге де жасау.Мейірімсіз, ешкімге жаны ашымайтын қатыгез адамдарды ақын жақсылықтың жауызы, жамандықтың дем берушісі деп бағалайды.  

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота