Астанадағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты Серікбол Шаймардан электрондық бесік ойлап тапқан. Бұл «ақылды бесік» көпшіліктің қызығушылығын тудырды. - Серікбол, бұл идея қалай пайда болды? - Алғашында, бесіктің жалпы маңызы туралы зерттедім. Жапонияның медициналық зерттеулерінде сәби ана құрсағында жатқанда тербеліске түсіп, рефлекс қалыптасатындығы туралы айтылған. Сәби жарық дүниеге келгенде өмірге бірден үйрене алмайды. Сондықтан оны ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек. Екіншіден, сәби бесікте жатқанда миы дамиды екен. Мен осы ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып, өз жобамды жасадым. - «SmartBesikтің» басты ерекшелігі қандай? - Бұл бесіктің негізгі ерекшелігі мынада: бала жыласа, бесік автоматты түрде тербеледі. Басқарғышпен (пульт) алыстан басқаруға болады. Бала дәретке отырып қойса, хабарлайды. Бала температурасында өзгерістер болса, автоматты түрде белгі береді. 12 вольттық кернеумен де, батареямен де жұмыс істейді. Аналар үшін таптырмас бұйым деп ойлаймын, өйткені үй шаруасындағы әйелдің уақытын үнемдейді. Негізгі ой, және тірект сөздер
Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.