Ауыз су мәселесі «Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын а қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын “нәзік ресурс” деп айтуға болады. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді.
Cұраққа қысқа жауап беріңіз. Ауыз су проблемасының басты мәселесі неде?
Мәтін бойынша салыстырыңыз.
Судың қажеттілігі
Сусыз
Судың бүлінуіне не әсер етеді? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, қанат белгісін (✔) қойыңыз.
A
Табиғи процестер
B
Химиялық құрамы
C
Техногендік процестер
D
Пайдалы қазбалар
I
Жарамды таза су
F
А
Оқылым
Сұрақ
Жауап
Жалпы
Cұраққа қысқа жауап
1
5
Судың қажеттілігі
1
Сусыз
1
Мәтін бойынша екі дұрыс жауап
2
Жазылым
Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат
белгісін (✔) қойыңыз.
Уақыт
Жалпы уақыт туралы ойыңызды бес сөйлеммен жазыңыз.
Экологиялық апат
Мектепішілік газетке Экологиялық апат туралы ойыңызды мақала эссе түрінде жазыңыз.
«Үштұғырлы тіл» туралы
«Үштұғырлы тіл» туралы шығарма жазыңыз.
Мазмұны мен дұрыс жазылуы ( )
Тілі ( )
5
Өте жақсы
Жауап толық, нақты негізделген және
өте жақсы суреттелген, қарапайым
және күрделі идеяларды тиімді
ашады. Жазба жұмысының құрылымы
мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.
Өте жақсы
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
4
Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.
Жақсы
Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
3
Қанағаттанарлық
Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Жазба жұмысы дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған
Қанағаттанарлық
Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.
Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
2
Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.
Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
1
Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы сақталмаған және аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.
Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.
0
Жауап жоқ.
Жауап жоқ.
надо это СОЧ я вам отвечу на вопросы кто первый ответит
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Tahm-Rayiš, көне иран.: Tahmirih — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із
қалдырды. Сонымен қатар ол көрнекті ақын əрі жазушы
болды. Оның қаламынан бойындағы тамаша талантын
танытқан маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол
өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды
тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің сол оқу-өнер, білім мəселесімен
сабақтастығы анық. Оның ақындық шабытына дем
беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген зор нысана – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту,
оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу болды.
Осы жолда ол бойындағы бар күш-қуатын, қабілеті
мен білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тың бастамалар жасап, соған бүкіл саналы ғұмырын арнады. Ыбырай қазақ ішінде халық ағарту жұмысын бірінші болып
қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз
еңбек еткен жалынды патриот болды.
Ыбырай халық ағарту ісінде қандай елеулі орын
алса, əдебиет пен мəдениетіміздің тарихынан да
сондай екшеулі орын алады. Ол – қазақтың жазба əдебиеті мен тілінің негізін қалаушылардың бірі.
Əдебиетке тың тақырыптар əкеліп, озық ойлар енгізді.
Шығармаларын шиеленіскен тартыстар мен соны бейнелер негізінде жаңғыртып, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұны жағынан ғана емес, түр
жағынан да дамытты. Оның мағынасы терең тағлымды
өлеңдері, қысқа да əсерлі əңгімелері төл сөз өнеріміздің
тарихында айрықша орын алды. Əсіресе оның төл туындылары мен аударма шығармаларында балалар
əдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы
да, атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы,
құрылысының қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті
əрі шұрайлылығы жəне оқушы ұғымы мен жасына
сəйкес көркем əрі қызықты баяндалуы, тағы басқалар
анық байқалады.
Сайып келгенде, мұның бəрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті мен мəдениетінің тарихындағы айрықша орны барын көрсетеді.
Ыбырай Алтынсариннің əдеби-педагогикалық мұрасы туралы қаншама дүние жазылса да, аздық етері
анық. Олай дейтініміз, уақыт озған сайын, замана сазына орай ұлы ағартушы, көрнекті ақын əрі жазушы
мұрасына деген ұрпақ көзқарасы да өзгермек. Бұл – өмір
талабы əрі бұлтартпас заңдылық.
Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай шығармаларының
көркемдік, тілдік ерекшеліктері туралы бұрынғы-соңды
жазылып, жарияланған еңбектерді саралап-салмақтау
бүгінгі күннің талабы десек болады. Осы жайттарды
ескере келіп жəне қолда бар материалдарды пайдаланып, шама-шарқымызша педагог-жазушының шығармалары жайында жазылған осы тараптағы еңбектерді
іріктеп, жинақ көлеміне сəйкестендіріп, жариялап
отырмыз.
Бұл томда құрастыруда мына төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынды. Біріншіден, Ы. Алтынсариннің аса бай мұрасына қатысты əр кезеңде жазылып, жарияланған еңбектер іріктелініп əрі көтерген
мəселесі мен тақырыбына орай бес томдық болып
топтастырылған болса, мына үшінші том жинағына
Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба əдебиеті мен
тілінің негізін қалаушы ретіндегі шығармаларына талдау жасаған, сындарлы ой-пікірлер қозғаған тілші,
əдебиетші ғалымдардың еңбектері енгізілді.
Екіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, көптомдықты құрастырып, шығару барысында бірізділік берік
сақталып, яғни ыбырайтанушылардың кеңестік кезеңнің
салқыны сезілетін жарияланымдары мен тəуелсіздік
тұстағы таралымдары сол қалпында еш өзгеріссіз
берілді. Бұл – осы тақырыпқа қызығушылық танытушы
оқырман мен ізденушілерге салыстырмалы түрде зерттеу жүргізу үшін арналған ұстаным.
Үшіншіден, осы тұрғыдағы жарияланымдарды
шыққан мезгіл-мерзімі бойынша түзіп, əуелі кеңестік,
сосын тəуелсіздік кезеңге сəйкестендіріп беру мəселесі
ойластырылды.
Қорыта айтқанда, аталмыш том Ы. Алтынсариннің
мұрасына қызығушылық танытушы жалпы оқырман
қауым мен ізденушілердің кəдесіне жарайды деген ойдамыз.
Объяснение: сделайте лучшим ответам и поставте лайк