Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың...
«Қанша байлық жисаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың» деп түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Қорқыт Ата айтып кеткендей, әр адамның өзіне тиесілі несібесі, яғни ризығы болады.
Атамыз қазақ бұл жөнінде «Бұйырған кетпес, қуған жетпес» деп бекер айтпаса керек. Бұл дегеніміз бізге бұйырған несібе тек өзімізге тиесілі, басқа ешкімге кетпейтінін білдіреді. Дегенмен, бүгінгі таңда көпшілік бұл сөзді түсініп, ескере бермейді. Мысалға, үлкен кісілер үйлерінде бір – екі айға жететіндей азық – түлігі, киім – кешегі, қаражаты бола тұра, ертеңге күнін уайымдаумен өтеді. Бұл дұрыс емес. Сондықтан да бұл қу тіршілікте дүние – мүлік жинаумен ғана айналыспай, адамгершілік қасиеттерге көп көңіл бөлсек екен.
Қазақ елі, қазақ жері бір сүйем жерін жауға бермей қорғау жолында төгілген ыстық қаныЕх... замана көші үдіре алға тартып уақыт ағысы өз салған сара жолымен жылжып келеді.Тарпаң тағдыр тырнағына ілігіп саясаттың сүркей дауылы соққанда саялы бәйтерек бұтағын паналаған жас балапандай қонақжай халқыммен бір үзім нанды бөліп жегені тарихтан белгілі. Cол кең пейіл 130-дан астам тілі, діні, ұлты басқа жат елден жаутаңдап келген жандарды құшағына сыйғызды. Қазақ ұлты елдің қара шаңырағы берекенің ұйтқысы, бірліктің қайнар бұлағы десек басқа ұлт өкілдері де жұмыла көтерген жүк жеңіл деп қара щаңырақ басына қара бұлт үйірілсе өз кеудесін оққа да, отқа да қарсы тосарына сенімім кәміл. «Абай атамыз айтқандай атаңның баласы бол ма?» А бол өзгеге жасаған мысқалдай жақсылығың алдыңнан таудай болып шығып жатса құба құп. Жер бетіндегі аранын аждаһадай ашқан алаяқтықпен көрсе қызар дүние қоңыздық жаратқан ием сыйға тартқан өзіне тиесілі емес байлықты құлқыны тояттағанша қылғытып жұтуға әуес. Көпе көрнеу жағаңа жармасып іргеңді қазбасада, іштен шыққан жау жаман деп қызылға түскен түз тағысындай екпінмен алауыздық туғызуға тырысып бағады... Бірақ мұндай жат пиғыл менің табаным тип тұрған Алаш жұртының құт мекені Алтай мен Атырау арасындғы алтын топырақта өмір сүріп жатқан ешбір тұлғаның санасында жоқ. Өйткені біз алтау ала болса ауыздағы кететінін төртеу түгел болса төбедегі келетінін білеміз Бейбіт аспанында көк байрағы желбіреп бесіктегі күнәсіз сәбидің ұйқысы бұзылмай тәуесіздігіміз тұғырлы, татулықтың тамыры тереңге жайылып халық жүрегінен орын алып ұжданды ұл, инабатты қыз өсіріп Қазақстан Республикасының болашақ ұлтқа тұтқа болар ұландарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіре береміз еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!