Айтылым 6-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айт,
Пікір. Мәтін бойынша пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
Дәлел. Пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаз.
- Сен қандай сандарды қасиетті деп санайсың?
- Мен үшін жеті саны - ең қасиетті сан.
- Неліктен? Бұл сан туралы не білесің?
- Жеті қазына, жеті ата, аптаның жеті күні де осы санмен байланысты.
Сен үшін қандай сандар қасиетті?
- Мен үш санын қасиетті сан деп есептеймін.
- Бұл санның қандай қаситеі бар?
- Үш жұрт, үш арыс, үш бәйтерек деген ұғымдар бар.
- Демек қазақтың киелі сандарының астарында үлкен мән жатыр.
- Ия, басқа да киелі сандар туралы оқып-білгеніміз дұрыс.