Айтылым (9-тапсырма. «Компьютерлік лингвистика дегеніміз тілді пайдалануу түсіндіру мақсатында тілдік нормаларды математикалық және компь- терлік модельдеу. Түп мақсаты – жасанды интеллект құрастыру дете автордың пікірін талқыла. Компьютерлік лингвистикаға байланысты қазақ тіл білімінде жарық көрген материалдарды жина.
Бұл мақаламызда спорттың адам өміріне пайдасы туралы айтқымыз келіп отыр. Салауатты өмір салтын ұстанып, түрлі аурудың алдын алуға болатынын жақсы білесіздер. Оның бәрі өзіңіздің қолыңызда. Бүгін біз сіздерге ауыр күйзеліске ұшырап, өз-өзіне қол жұмсағысы келген Клер есімді ару жайлы баяндаймыз. Ол емдеу курсынан толық өткен соң, өзінің өмірін түбегейлі өзгертуге бел буады.
Клердің жағдайы өте ауыр болғандықтан өмір бойы дәрінің күшімен отыруға мәжбүр болады. Өйткені оған адофамин мен серотанин жетіспейді. Оған көнбеген өрімдей қыз бұл дерттің алдын алатын басқа амалдарды қарастыра бастайды. Бірде Клер әйгілі Гиппократтың әртүрлі тақырыптағы жазбаларын оқып отырып, өзіне керекті күйзеліс жайлы айтқанын кездестіреді. Гиппократ өз жазбасында депрессиядан құтылу үшін жүзумен айналысуды, күн сайын жүгіруді әдетке айналдыруды, жалпы спортпен шұғылдану маңызды екенін айтады.
Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы екендігін ұмытпағайсыздар.
Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында Клер өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысты. Қазір Клер спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық, достар!
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/29917/
Абай Құнанбаевтың бірінші қара сөзі
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.