Айтылым Бір тақырыпты таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (8-10 сөйлем) Ұсынылатын тақырыптар: - Төмендегі мақалдарды талқылаңыз. «Ақылды қыз білімге жүгірер,ақылсыз қыз сөзге ілігер», «Жаксы қыз - жағадағы құндыз, жақсы жігіт - аспандағы жұлдыз». «Қазакстанның Қызыл кітабына» енген бір құс немесе бір жануар туралы диалог.
Ұйқасты жалғастыру үшін, өлең шығарудың негізгі ережелерінің бірі: соңғы сөздер, буындардың бір-біріне ұқсас болуы қажет. Тек ұқсас болып қана қоймай, буын саны да тең болуы керек.
Жоғарыда жазылған жолдарда сызықшадан кейінгі сөздердің буын саны тең, әрі дауысты дыбыстары мен әріптерінің бір-біріне ұқсас болғаны - сөйлемдердің ұйқасып тұр дегені.
Алдағы уақытта өлең шығарар кезде, осы ережені пайдаланыңыз. Сонда қиналмастан бір өлең шығара аласыз.
Қосымша кеңес:
Бұрын тұрған өлең жолының ең соңғы сөзіне ұйқасатын ұқсас сөздерді бір шимай дәптерге жазып алып, соған қарай өлең жолын құрастыруға тырысыңыз.