Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа еңген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.Өйткені шөп қоры мол жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндөріс үшін керекті материал болып саналады. Қазақстан дүние жүзү бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Ормандар мен өсімдіктер ауаны шаң-тозаңнан тазартып, желден , құрғағшылықтан сақтайды. Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян , ақкіс, елік кіреді.Қасқыр мен түлкі де жиі кездеседі.Құстардан құр, шіл кең тараған.Қайыңды ормандарды ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.
Даланың аңдары бір зонадан бір зонаға ауысып, кейде сол жерлерді мекендеп қалады.Жайық өзені бойы Каспий маңы ойпатында Еуропадан ауысқан орман сусары мен тоғай барысы ұшұрасады.
Қазақстанның жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесін қорғау-мемлекеттік шара болып табылады
2-тапсырма
Мәтіндегі асты сызылған сөздерді орфографиялық сөздікті пайдаланып , түзетіп жазыңыз.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз.
Олар таң атқалы аттан түспеді. Қасқыр мен қой қас дұшпандар. Сабыржан көкке қарап үнсіз тұрды. Биыл қыс жайлы болмақ.Сол жақта биік тау жатыр.
2-тапсырма
Өндіріс,дүние жүзі,құрғақшылықтан,ұшырасады.
3-тапсырма
Ат сөзі омоним ,өйткені “ат” деген жылқы жануары мағынада қолданылып тұр және бірнәрсені ату.
Қас сөзі омоним,өйткені “қас” адамның қасы және араздасу,жеккөру деген мағынада қолданылып тұр.
Көк сөзі омоним,өйткені көк түс және аспан деген мағынада қолданылып тұр.
Қыс сөзі омоним,өйткені ол жыл мезгілін білдіреді және құшағына қысу дегенді білдіреді.