В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Данил611309
Данил611309
15.04.2021 01:52 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2020/2021 оқу жылы
Оқылым.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастар, яғни біздер. Қоғамның қозғаушы күші жастар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтады. Бүгінгі жастардың ерекше ұрпақ екенін қайталаудан жалықпайды.
Ерік-жігері күшті жастар ел ертеңі мен өз болашағы үшін бүгінгі бос уақытын қалт жібермеуі керек. Бос уақыт көп, жұмысымыз жоқ болып жатса, кінә өзімізден. «Қарны тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар а » деп, Абай ақын айтпақшы, расында да еріккен жанның ойына түрлі жамандықтар келіп, жат қылықтарға, қылмысқа бой алдырары сөзсіз.
Уақыт демекші, біз, жастар, осы уақытты қалай пайдаланып жүрміз? Бос уақытымызда қандай іспен шұғылданамыз? Сол секілді қаншалықты тырысқанымызбен уақытты жүйелі пайдалануға дағдыланбай жататынымыз да белгілі. Бос уақытты тиімді пайдаланатын немесе жұмысбасты адамның бөтен пиғылды ойлауға мұршасы да болмайды.
Уақыт қашанда а үшін қымбат нәрсе болып келеді. Біз әрдайым уақытқа кіріптар екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Берілген бос уақытқа бейғам қарамай, кездескен жат қылықтан қашық жүріп, қоғам үшін қандай да бір игі іс жасауға дағдылануымыз керек.
Бос уақыттың жастар өміріндегі рөлі орасан. Жұмыс пен оқудан тыс мезетті тиімді өткізу мақсатында қазір қоғамдық бірлестіктер қандай шаралар атқарып келеді? Жастардың таным-түйсігін арттыру, денсаулығын нығайту, шығармашылыққа баулу жолдарында атқарылатын қызметтер өз үдесінен шығып жүр ме? Бұл ретте қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйытқы болуымен Алматыда «Дүйсенбілік футбол» өтіп жүр. Бұл шараның басталғанына биыл – үшінші жыл. Шараның басты мақсаты – базарда қарапайым жұмыс істеп, еңбегін маңдай термен адал тауып жүрген азаматтарға көңіл бөлу, бір сәт қуаныш сыйлау. Футболдан бөлек волейбол ойынын да кіргіздік. Биылдан бастап үстел теннисінен жарыс өткізу жоспарда бар. (249 сөз)
1. Мәтіннен сөздердің синонимін тауып жазыңыз.
келешек [1] сайыс
2. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. [4]
А. А үшін қымбат нәрсе не? [1] В. Еліміздегі жастар саясаты жастардың бос уақытын қалай ұйымдастыруда? [1] С. Жүргізілген іс- шаралардың негізгі мақсаты қандай? [1]
3. Мәтіннің негізгі идеясын 1 сөйлеммен жаз.
[1]
4. Қазіргі жастар бос уақытын тиімді өткізеді деп ойлайсыз ба? Ойыңды ПОПС формуласы негізінде түсіндіріп жаз.

Показать ответ
Ответ:
МарянДансер
МарянДансер
28.02.2021 13:06

Әсем әлем

Таң сібірлеп ата бастағанда оянатын болып жүрмін. Арайлап атқан таңды қарсы алғым келеді.

Бәрінен де күн шығып келе жатқандағы түленуін айтсаңызшы. Көл беті баяу толқып, жыбырлап, өзінше тыныстап, кербез жатады. Осы көрініс әуелі қара күреңденіп, бірте-бірте сібірлеп, ашық түске ойысып, енді күннің алтын кірпік сансыз найзасы шаншылып, нұрланып, жылтылдап, інжу-маржан шашып тастағандай жалт-жұлт етіп, құбылып ойнайды. Бір сәт алаулап, өртеніп, жалын шашқандай. Осы кезде сонау көкжиектен астасқан тұстан қылаң етіп әлдене көзге шалынады. Ол ақ кеме. Ыссықкөлдің ұзына бойымен ақ кеме жүзіп бара жатады.

Осыдан кейін менің қалт жібермей бақылайтыным күннің батуы. Жайшылықта ешнәрсе емес, күн батар кездегі көрінісі тамаша. Күн дегеніңіз қан қызылданып, жақындап келіп, ай табақтанып жалқық атып, балқып барып қонады. (114 сөз)

0,0(0 оценок)
Ответ:
murrtinez
murrtinez
20.03.2021 06:22

Әрбір адам өз тілін білуі тиіс.Менің тілім қазақ тілі.Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі коституциялық құқық белгілерінің бірі -  мемлекеттік тіл.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресежелсіз түндей тынық, біресе құйындай екпіндей тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ»,- деп тіл жайында терең толғанған екен.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Дегенмен ана тіліміздің адымдап дамуына өзіміздің де кері әсер беріп жататын кездеріміз бар. Қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі мұң. Алқақотан отырғанда да, алқалы жиында да арамызға өзге ұлттың бір өкілі кіріп келсе, бәріміз шүлдірлеп «түсінікті» тілге көшеміз. Әрі-беріден соң биік шеңберден қазақ тілі деп қайғы жұтатын кейбір қайраткерлердің балалары, немерелері қазақ бақшасына, қазақ мектебіне бармайды. Мұны сорлылық емес деп көріңіз.

Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында  қоғамдық қатыстардың  барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару,  сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

    Қазақ халқының бар рухани қуатын бойына сіңірге ардақты асылы – тілі. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын, таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді, мемлекеттік тілінің мәртебесін көтереді. Біздің,  яғни қазақ халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Алайда азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да, оның толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін әлі де көп істер атқарылуы шарт.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. «Бір халықпыз, өзгелерге үлгі-өнеге көрсететін ұлтпыз. Мынау он сегіз мың ғаламның ортасынан біздің де алатын орнымыз бар» деген биік сенім, сезімде болуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекеттің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түйсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, тілін өркендетуге болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің тағдырын кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелердің басшылары аудармашыларға немесе мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлерге жүктеп қоюда. Ал, тілдің тағдыры тек мұнымен шектелмейді. Бұл жолғы үлкен үміт күттіріп отырған бағдарламаның орындалуы «Қазақ тілі» қоғамына, жергілікті жердегі тілдерді дамыту басқармаларына ғана емес, біздің бәрімізге, еліміздің, әр азаматына тікелей байланысты.

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

«Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз.

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

 Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота